Ермағанбет Бөлекпаев биыл облыс тұрғындарымен 28 жеке қабылдау өткізді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бір жылда 28 рет өңір тұрғындарын жеке қабылдап, кездесулер өткізді. Өңір басшысына 300-ден астам адам өз мәселелері және сұрақтарымен жүгінді. Сонымен қатар, барлық қалалар мен аудандарда тұрғындармен кездесулер өткізді, содан кейін жеке қабылдау болды.

Биылғы жылдың соңғы жеке қабылдауы өткен бейсенбі, 26 желтоқсанда өтті. Сұрақтар тұрғын үйге қатысты болды.

Пәтер беру және балкон жөндеу бойынша түсініктемелер берілді.

Приозерск қаласының тұрғыны Алексей Карпенко онлайн-байланыс арқылы жылу оқшаулауды қажет ететін көппәтерлі үйне қатысты проблеманы көтерді.

– Мен үйдің аға басқарушысымын, барлық тұрғындардың атынан жүгініп отырмын. 1972 жылы салынған үй, оған ұзақ уақыт бойы ешкім дұрыс қараған жоқ. Плита аралық байланыстар бұзылғандықтан, жаңбыр кезінде көптеген пәтерлерді су басады. Жылу оқшаулау да бұзылған, – деп түсіндірді ол.

Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов бұл мәселе белгілі екенін және қасбетті оқшаулау үшін есептеулер жүргізілгенін айтты.

Ермағанбет Бөлекпаев мәселені шешуді жеделдетуді тапсырды. Ол үшін ЖСҚ әзірлеу қажет.

– Содан кейін өтініш беріңіз. Қолдаймыз, келесі жылы қаржыландыруды қарастырамыз, – деді облыс әкімі.

Ермағанбет Бөлекпаев биыл облыс тұрғындарымен 28 жеке қабылдау өткізді