Елімнің еркіндігі – Ата заңым

Ұлттық рухани құндылықтарды нығайтып, мемлекеттің алтын тірегі саналатын демократиялық ұстанымдарды нығайтуда Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеудің айрықша мәні бар. Өйткені, мерекенің идеялық мазмұны ел жүріп өткен жолдың ауқымдылығын пайымдауға, жаңа Қазақстанның жаңғырту үдерістерімен байланысты одан арғы даму перспективаларын түсінуге бағытталған.

Осыған байланысты, 2022 жылдың 26 тамызында «АМАNAT» партиясының Қазыбек би атындағы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Бағчай Абай Арыстанбекұлымен «Конституция мен құқық тәртібін қорғауда!» семинар өткізілді, оған колледж студенттері қатысты, семинар барысында сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары туралы мәселелер қозғалды,  сонымен қатар тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Өз тілшімізден.