Елдегі қызмет

Қазақстанда Көші-қон полициясының қызметі ауқымды. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1993 жылдың 5 сәуіріндегі №256 қаулысымен – «Қазақстан Республикасындағы төлқұжат жүйесі туралы ережелер» – еліміздің төлқұжат-виза қызметі қайта құрылды. 1999 жылы төлқұжат-виза қызметі көші-қон полициясы деп атауын ауыстырды. Қызметтің мақсаты мен атқаратын функциясы, құрылымы өзгерді. Өйткені, Қазақстанға келетін шетел азаматтарының көбеюіне байланысты тәртіпті реттеу қажеттілігі туындаған болатын.

Статистика бойынша адам өмірінде кем дегенде 10 рет көшіп қонатын көрінеді. Бұл тек бір мемлекет ішінде шетелге көшу статистикасы бұдан да көп. Десе де, сол шетелдік өмірдің дәмін дұрыс сезіне алуда азаматтыққа тікелей қатысты. Мәселен, Қазақстанға көшіп келетін адамдар саны жыл өткен сайын өсіп келеді. 2023 жылы елімізге 19 319 адам көшіп келген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 74 пайызға көп. Осы тұста көші-қон департаментінің атқарар жұмысы орасан зор.

– №85 бұйрыққа сәйкес ҚР азаматтығына қандастарды қабылдауға негіз болып саналады. Ол үшін қандастардың мәртебесі болу керек. Қандас мәртебесі бар азаматтарды біз ҚР азаматтығына қабылдаймыз. Өтініш қабылданған күннен бастап, 90 күнтізбелік күн ішінде өтініш қарастырылады. Бүгінгі таңда, қабылданып жатқан қандастарға біз қолымыздан келгенше, барлық жағдайын жасап, бар көмекті көрсетіп, азаматтыққа қабылдаудамыз, – дейді Азаматтық және миграция бөлімінің инспекторы Қымбат Тілеукешова.

Елімізде дәл осы көші-қон департаменті 1995 жылы 5 сәуірде құрылған болатын. Содан бері үздіксіз 31 жыл қызмет атқарып келеді. Жалпы Көші-қон қызметі көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатта ведомствоаралық үйлестіруді және іске асыруды, көші-қон процестерін мониторингілеуді, талдауды және болжауды, сондай-ақ босқындар және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады.

– Көші-қон қызмет саласы жалпы 1993 жылдың 5-сәуірден бастап, өзінің қызметін бастады. Жалпы, көші-қон қызмет басқармасы штат бойынша, осы облыста 148 қызметкеріміз бар. Барлығы осы күні мемлекеттік қызметті көрсетеді. Мемлекеттік қызмет түрі бізде, көші-қоны қызметімен көрсетілетін 17 түрі бар. Бүгінде сол 17 түрі бойынша, 47 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ең кеңінен таралғаны, ол ҚР азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттармен құжаттандыру, – деп атап өтті Қымбат Тілеукешова.

Көші-қон департаментінің басты міндеттерінің бірі қандастарымызға көмек. Мәселен, 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап есептесек, елімізге 1 306 қандасымыз оралған. Ал Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасқалы бері 1 129 600 ағайын өзінің тарихи отанына қайтып келді. Бұл құжатта жай ғана сан болғанымен қаншама тағдыр мен еңбек. Сол себепті әрбір жасалған жұмыспен қызмет бағалау маңызды.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»