Ел үшін егілемін

А.ж. 8 қарашасында «Jastar Alany» коворкинг-орталығында «Covid-19 және балалар» тақырыбында Қарағанды облысының «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелерінің қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу және балаларға екпе туралы қажетті ақпарат алу мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесуге Қарағанды облысы бойынша «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері қатысты, олар Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Камали Жібек Камалиевна, дәрігер-инфекционист, Бегайдарова Розалия Хасановна, Қарағанды қаласы әкімі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі, Смаилов Ильяс Елнарович.
Кездесу кезінде екпе бойынша ұсыныстар беріліп, кездесуге қатысушыларды өздерін және бір-бірін қорғауға, балаларға вакцина салу, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін аурудың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырды.
Сондай-ақ, кездесуге Қарағанды қаласының «5 арна» және «Saryarqa» телеарналарының тілшілері және «Kozildirik Media Group» ЖШС қызметкерлері қатысты.
Кездесуге барлығы 145 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызға абай болыңыздар!