Ел сеніміне ие болмай, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес
Мемлекет басшысының бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Өзгерістердің барлығы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Өйткені реформалар халықтың талап-тілегіне арналған. Ел сеніміне ие болмай, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін емес. Президент ұсынған реформалар стратегиялық маңызға ие. Екінші республиканы құру жолында біз адалдық пен әділетті болу қағидаларын қатаң ұстануымыз керек.