Ел болашағына бағытталған ойлар: Ассамблея мүшелерінің пікірі
Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласына қатысты пікірталас жалғасып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері бұл материалда ел азаматтарының тұрмыс деңгейін жақсартуға, әлеуметтік саланы дамытуға және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты ойлар қамтылғанын атап өтті. Олардың айтуынша, мақалада қоғам бірлігін нығайту, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және ұзақ мерзімді даму басымдықтары айқын көрініс тапқан. Бұл бастамалар елдің болашағына сеніммен қарауға негіз болады.
Бұл жерде елдің дамуына қатысты басты басым бағыттар айқындалған. Ассамблея мүшелері Президент көтерген бастамалар қоғам тарапынан қолдау тауып, белгіленген мақсаттарды жүзеге асыруда ортақ іс-қимылға бағыт беретін маңызды негіз болатынын атап өтті.
– Президенттің мақаласынан жастар мәселесіне ерекше назар аударылғанын байқаймыз. Мемлекет басшысы елдің ертеңі мен тұрақты дамуы жас ұрпақтың әлеуетіне тікелей байланысты екенін атап өтіп, Қазақстанның болашағын алға жетелейтін басты күш – білімді, белсенді және жауапкершілігі жоғары жастар екенін айқындады. Осы орайда Президент жастардың өзін-өзі танып, қабілетін толық іске асыруы үшін сапалы білім алуға, адал еңбек етуге, кәсіпкерлікпен айналысуға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жан-жақты жағдай жасау аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекет алдағы уақытта да жастардың білім деңгейін арттыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге, олардың азаматтық санасы мен отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап, жүзеге асыруды жалғастыратынына ерекше мән берілді, – дейді Қарағанды облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»

