Эксклюзивті көрме

«Алтын-ғасыр» арт-галереясында қарағандылық суретшілердің жеке коллекцияларынан құралған эксклюзивті көрме өтті.

ХХ ғасырдың жеті онжылдығы. Қалааралық телефоннан ұялы телефонға, диафильмдер мен слайдтардан YouTube-қа, винил жазбаларынан онлайн музыкаға, қолжазба хаттардан е-поштаға, ақ-қара теледидардан жоғары сападағы теледидарға дейінгі жол. Көненің көзін көрген жандар фотосуретті қалай басып шығаруды біліп, екі және үш дөңгелекті велосипед пен бензинді көлікті қолданды. Олар көп нәрсені бастан өткерді, бірақ шағымданбады, щетканы, бояуларды, қарындашты компьютерлік технологияға ауыстырмады. Мүмкін осының арқасында олардың жұмысы шынайы қуаныш пен жылы эмоциялар тудыра алатын шығар.

– Мұнда бір кездері суретшілердің өз арасында сатып алынған, сыйланған туындылар ұсынылған. Туындылардың ерекшелігі де, отбасы үшін маңыздылығы да сонда шығар. Көрмеде 60-шы жылдардан 2000-шы жылдарға дейінгі жұмыстар бар, – дейді «Алтын-ғасыр» арт-галереясының жетекшісі Бибігүл Исполова.

Экспозицияда 12 автордың 36-дан астам жұмысы бар, олардың ішінде Крылов, Санасян, Реченский, Андреюк, Шамшин сияқты тұлғалар бар. Шығармалар әртүрлі техника мен жанрда орындалған, олардың шығармашылығы Қазақстанның бейнелеу өнерінің ең өзекті бағыттарына жатады, оларды өнер міндеттеріне көзқарастардың ортақтығы байланыстырады.

– Бұл көрме өте күрделі бағытта жасалған, тіпті кез келген аудитория көре алмайды. Жұмыстардың астында көп адам байқай бермейтін өте қызықты, әсерлі және жылы мағына бар. Бұлар нағыз суретшінің қолтаңбасы ретінде қалады. Көрген адамның ішкі жан дүниесі демалады, – дейді «Алтын-ғасыр» арт-галереясының тағы бір жетекшісі Татьяна Абилова.

Дәл 1970-90 жылдары өнерде әлеуметтік бағыттың пафосына қарама-қарсы жаңа идея қалыптасты. Алынған Тәуелсіздік рухани және материалдық принциптердің өзара байланысын, олардың үйлесімділігі мен өзара түсіністігін болжайтын ғаламның, табиғат пен адамның бірлігі туралы идеяларға негізделген мәдениет құндылықтарын есте сақтауға ықпал етеді.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                    

«QH»