ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Бақтияр Көлебаевтың айтуынша, Теміртау қаласының атмосфералық ауасын негізгі лас¬таушы – «Qarmet» АҚ. Кәсіпорынның атмосфералық ауаны ластау үлесі – 87%. Алайда түтін құбырларын бөлшектеу және монтаждау сияқты жергілікті сипаттағы және қоршаған ортаны жақсартуға айтарлықтай әсер етпейтін 7 шара ғана орындалған.

– Айталық, бұрынғы инвестор «АрселорМиттал» 2024 жылға қарай эмиссияларды 30%-ға немесе 60 мың тоннаға төмендету жөніндегі жасалған меморандум шеңберінде өзіне алған міндеттемелерін орындамаған. 2019-2023 жылдар аралығында 23 шараның ішінде шаң-газ тазарту жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеу, – дейді Бақтияр Көлебаев.

Жоспарланған мерзімде 10 шара орындалмаған. Мысалы, электр сүзгілерін, аспирациялық қондырғыларды реконструкциялау жүргізілген жоқ. Егер шығарындыларды 8 мың тоннаға төмендетіп, қаланың ауа бассейнінің сапасын айтарлықтай жақсартуы мүмкін еді.

Бірақ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ орнын басқан «Qarmet» АҚ өзіне бірқатар міндеттеме алды. «Qarmet» АҚ жаңа инвесторы экологияны жақсарту жөніндегі шаралар көзделетін компанияны дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуде.

Теміртаудан кейін, негізгі техногендік жүктеме – Қарағанды қаласына тиесілі. Қаланың негізгі экологиялық проблемасы – 26 мыңнан астам жер үйдің мұржасынан шығатын түтін. Аталған мәселені шешу мақсатында әкімдік жеке секторды газдандыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылға бұл мәселеге бюджеттен 4 млрд. теңге бөлініп, қазірдің өзінде 3256 үй газбен жабдықтауға қосылды. Газ тарату желілері 8530 жеке тұрғын үйге жеткізілді. Бірақ, Бақтияр Төлеуғазыұлы аталған көрсеткіштер әлі де төмен екенін, бұл қаланың ауа бассейнінің сапасын жақсартуды тежеп отырғанын айтады.

Жанбота БЕЙСЕНБАЙ, «QH»