ЕКІ ҰЙЫМ СОТҚА 850-ДЕН АСТАМ ТАЛАП-АРЫЗ ТҮСІРГЕН
Өңірімізде азаматтық істердің шамамен 30 пайызы некеге қатысы бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтылды
2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында облыс соттарына 1 128 қылмыстық іс қаралған. Жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар бойынша істердің 17 пайызға төмендегені байқалады. Сонымен қатар, отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға байланысты материалдар саны 81 пайыздан асқан. Бірінші жартыжылдықта барлығы 887 азамат сотталыпты. –
Сотталғандар саны 9,6% өсуі байқалады. Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың үлес салмағы 36,5%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындау практикасы – 100%;
– ауыр қылмыстар – 39,1%, 2020 жылғы 33%-ға қарағанда (6,1%-ға өскен);
– ауырлығы орташа қылмыстар үшін – 2020 жылғы 21,8%-ға қарсы 40,9% (19,1%-ға ұлғаю);
– онша ауыр емес – 34,1%-ға қарағанда 35,7% (1,6%-ға ұлғаю бар), – дейді Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов.
Брифингте Азаматтық істер туралы да сөз болды. Бірінші жартыжылдықта 22 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. 6 жарым мыңнан астам сот ісі неке-отбасылық дауларға, 7 мыңға жуығы шарттық міндеттемелерге қатысты болып отыр.
– Атап айтқанда, бірінші жартыжылдықта ғана «Эксперт Плюс» коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Позитив Securities» коллекторлық агенттігі» ЖШС екі коллекторлық агенттігінен Қарағанды облысының соттарына халықтан кредиттік міндеттемелер бойынша берешекті өндіріп алу туралы 850-ден астам талап-арыз келіп түсті. Соттар тек 133 істі қарады, қалған істер бойынша осы заңды тұлғалардың назарын борышкерлермен сотқа дейінгі жұмыс жүргізу қажеттілігі және дауды бейбіт жолмен шешуге қол жеткізу мүмкіндігі туралы аударды. Соттардың өздері де бұл жұмысты жүргізуде, – деді Қарағанды облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Шахатбек Әбдіров.
Тұрғынүй қарызы мәселесі өзекті. Сот бұл мәселені мүмкіндігінше әділ шешуге тырысады. Мамандар алған несиені төле алмаған жағдайда, алдымен банкпен бейбіт келісімге келу керектігін алға тартты.
Ерболат ҚУАТБЕК, «QH»