ЕҢ ТАНЫМАЛ ЕРІКТІ ЕВГЕНИЙ ХИСМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА АТТАНДЫ

Қарағандылық ең танымал ерікті Евгений Хисметов енді Жамбыл облысына аттанды. Еріктілер жылы аяқталған соң, елге қарайласуды ұмытқан бәз біреулер сияқты емес, белгілі волонтер бұл жолы да қару-жарақ қоймасынан зардап шеккен отандастарына көмектеспек ниетте. Кемі бір ай немесе екі айға жуық сол жақта боламын деп отыр өзі.

Оқытушы әрі жаттықтырушы болып қызмет ететін Ақтас кентінің тұрғыны Евгений Хисметов шілденің шіліңгірінде 50 күн бойы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіруге көмектескен еді. Ол тіпті көшеде құрылыс материалдарының үстінде ұйықтап, таң атысымен жүк тиеуші, қоймашы болып жұмыс істеген. Екі жыл бұрынғы азапты күндер Евгенийдің бетін қайтара алмаған сияқты. Бұл жолы да айтып келмейтін апат салдарын жоюға Қарағандыдан алғашқылардың бірі болып аттанып отыр.

«Ең алдымен жергілікті әкімдікке барамын, кейін қай жаққа жіберсе, сонда барып жұмыс істей беремін» — дейді Евгений. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тамыздың 28-і күні сағат 21:00 шамасында қоғамдық көлікпен 22 сағат бойы жүріп, Тараз қаласына жеткенін айтқан. Жол шаршатқанымен, отандастарыма көмек қолын созуым керек екені керсінше бойға қуат берді дейді ол. Сонымен қатар «Менің ойымша көмектескісі келетін адамдар көп. Тек олар жұмысынан, ай-сайын төлеуі тиіс несиесінен босап шыға алмайды. Бұл жағдайлар менің де басымда бар. Бірақ, мен көпке үлгі болғым келеді. Себебі жауапкершілігім арта түсті. Кезінде Арысқа барғанда да осындай сезім болған. Бармасам өз-өзімді қажап бітемін» -дейді

Бокстан спорт шебері атанған Евгений Хисметовтың бұл ерлігі қалай деседе қолпаштауға лайық. Себебі өзінің алтын уақытын өзгенің пайдасына беріп, қиналғанда көмек қолын созатындар көп емес. Сол үшін де ол кезінде Президенттің қ о л ы н а н « Қ ұ р м е т » орденін алған б о л а т ы н . Бұдан бөлек ол «Арыстан» қайырымдылық қорының жетекшісі. Зағип, мүгедек балаларды спортпен жаттықтырады.

Еске салсақ, Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты әскери бөлімнің біріндегі қару-жарақ қоймасының өртенуі салдарынан алапат жарылыс болып, 15 адам көз жұмса, тағы 100-ден астам адам түрлі деңгейде жарақат алған болатын. Осы қайғылы оқиға байланысты ел Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев 29-тамызды жалпы ұлыттық аза тұту күні деп жариялаған еді. Ал, тамыздың соңғы күні Президент елдің қорғаныс министрі қызметін атқарған Нұрлан Ермекбаевтың «отсавкаға кету туралы» өтінішін мақұлдаған. Қазір жарылыс салдарынан зардап шеккен ғимарттар мен нысандарды сондай-ақ үйлерді қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Расул МҰХАММЕД, QH.