Еңбек жәрмеңкесінде 850 вакансия ұсынылды

Қарағандыда «Заң және тәртіп. Тұрақты жұмыс» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараға 40-тан астам кәсіпорын қатысып, өңір тұрғындарына 850 вакансия ұсынды. Нәтижесінде 83 үміткер тұрақты әрі уақытша жұмыс орындарына жолдама алды.

Жәрмеңкеге қатысқан жұмыс берушілер қатарында Silk Road Electronics, «Караганды-Нан», Steel Manufacturing, Qarmet, Қазақстан Халық банкі сияқты аймақтың жетекші компаниялары болды. Сонымен қатар қала және аудан әкімдіктерінің бөлімдері, пробация қызметі, прокуратура, жеке сот орындаушыларының палатасы, әділет органдары, ҚАЖ жүйесі және полиция басқармасы кеңес беру алаңын ұйымдастырды. Пробация қызметі 30 азаматқа жолдама берді.

Шараны Еңбек мобильдігі орталығы облыстық прокуратурамен бірлесіп ұйымдастырды.

– Басты мақсат – жұмыс берушілер мен азаматтарды тікелей жүздестіріп, жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау, – деді Еңбек мобильдігі орталығының басшысы Нұржан Сыздықов. – Кәсіпорындар 850-ге жуық вакансия алып келді, осының ішінде 83 адам бірден жолдама алды.

Жәрмеңкеде тұрғындарға «Жастар практикасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Қоғамдық жұмыстар», «Күміс жас» және «Кәсіптік оқыту» бағдарламаларының шарттары түсіндірілді. «Жастар практикасы» аясында келген 18 жасқа бірден жолдама берілді.

Шараға 300-ге жуық қала тұрғыны келді.

Актуалды вакансиялар тізімі enbek.kz порталында жарияланған.

Құралай ӘЛЖАППАР,

«QH»