Еңбек күніне орай екі бірдей бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Қарағанды қаласының Мансап орталығы қала тұрғындарын Еңбек күніне арналған қаланың жұмыссыз тұрғындарына арналған қос бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырады!
Ұйымдастырушылардың сөзінше, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен өтініш берушінің тікелей байланысы арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету.
Жәрмеңкенің бірі 27 қырқүйек күні сағат 10:00-де қаламыздың Абай көшесі, 48 мекенжайында өтсе, екіншісі жәл осы күні сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Университет көшесі, 28 мекенжайы бойынша академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарЗУ өтеді.
Байланыс телефондары: 60-50-50, 8 (775) 644-35-80 (Whatsapp).
Қарағанды қаласының Мансап орталығының ақпараты негізінде