ДИНА — АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ! 11.04.2026 Оқылды: 20 Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында бокстан Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жаңа ғана +80 келідегі Дина Исламбекова финалда үндістандық Алфия Пазанмен кездесіп, басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0. Дина — чемпион!