Dily би ансамблі — жеңімпаз

Қарағандылық бүлдіршін бишілеріміз шетелде жеңімпаз атанып, ұлттық биімізді әлемге паш етті. Грузияда 5 мемлекеттен 200-ден астам өнерпаз қатысқан сайыста жеңіспен оралды.

Dily би ансамблі 2017 жылы құрылған. Сол уақыттан бері тыңбай еңбек етіп келеді. Қарағандының түпкір-түпкірінен түрлі жас санаты бойынша топ құрып, ұлттық би өнерін насихаттауда. Ансамбль хореографы Нұргүл Терлікбаева «жеңіске деген ұмтылыс біздің қазақ қыздарының бойындағы қасиет» дейді.

– Біз биылғы жылы халықаралық би сайысына барып келдік. Балалар ел аралады, тәжірибе алмасты. Командалық билер жарысы болды. Басқа елдердің биі жақсы болғанымен, біздің балалар жеңісті қолдан бермеді, – дейді Dily би ансамблінің хореографы Нұргүл Терлікбаева.

Ансамблде түрлі жастағы биші жеткіншектер өнер көрсетеді. Соның бірі – Еркежан. Кішкентай қыздың анасы Айгерімнің айтуынша, олар би тобын ұзақ іздеген. Осылайша Dily ансамбліне көңілдері толып, би тобына тіркеліпті. Қазір Еркежанның топта өнер көрсетіп жүргеніне 2 жылдан асты.

Грузияда өткен бұл жарысқа 5 мемлекеттен өнерпаздар қатысты. Әзірбайжан, Моңғолия, Түркия және Ресей мен Қазақстаннан ұзын саны 200-ге тарта биші сынға түскен сайыста 38 би нөмері көрсетілген. Біздің мың бұралған биші қыздар өнерімен озық шығып, бас жүлдеге ие болды. Жалпы би тобы Қазақстан бойынша барлық қалада өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерін сынап үлгерген. Ендігі кезек республикалық кезеңде, – дейді хореограф.

Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»