ӘДІЛДІК – ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ
Әділдік – қоғамдағы тұрақтылықтың кепілі. Контситуцияға сәйкес, әр азамат заң алдында тең. Заң бәріне ортақ әрі бұлжымай орындалған жерде жемқорлыққа, жауапсыздыққа, тәртіпсіздікке жол жоқ.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Біз Қазақстанды әділдік, заң және тәртіп орнаған ел еткіміз келеді» деген сөзі ел дамуының негізгі бағдары мен басты құндылықтарын айқындайды. Президент атап өткендей, әділдікке негізделген, заң мен тәртіп берік орнаған мемлекет қана өркендейді. Сондықтан бұл қағидалар Қазақстанның жаңа дәуірдегі дамуының темірқазығы болып, халқымыздың бірлігі мен игілігіне қызмет етеді

