Денсаулық мектебі

Қаламыздағы емханалардың бірінде «Денсаулық мектебі» жұмыс істейтінін білесіз бе? Онда қандай сабақтар жүрзігіледі, кімдер білім ала алады? Осы мәселені біліп көрелік.

Қарағанды қаласындағы №1 емханада пациенттерге арналған 10 денсаулық мектебі жұмыс істейді. Онда инсульт мектептері, қан айналымы жүйелері, қант диабеті, бронх демікпесі, ұзақ өмір сүру, мінез-құлық қауіп факторлары, босануға және жүкті әйелдерге дайындық, баланың дамуы, темекіге қарсы мектеп бар. Сабақтар толық жабдықталған кабинетте өтеді.

– Соңғылардың бірі тамақтану мектебі ашылды. Әр адам үшін, тіпті ауырмаса да, тамақтану туралы білу өте маңызды. Біз зиянды және пайдалы өнімдер туралы әңгімелейміз. Адамдар тамақтану пирамидасын көргенде, олар ақпаратты басқаша қабылдайды. Мектептерге барған кезде тыңдаушылар маманға кез-келген сұрақ қойып, толық жауап ала алады. Жеке кеңес алу мүмкіндігі бар, – дейді СӨС дәрігері Раиса Бектемірова.

Оқыту барлық жағдай жасалған салауатты өмір салтын құру кабинетінде өтеді. Бөлме жиһаз, әртүрлі тақырыптағы стендтер, әдістемелік материалдар, компьютерлік техника, және басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Сабақтарды салауатты өмір салты бойынша дәрігер және бейінді мамандар: кардиологтар, эндокринологтар, пульмонологтар, акушерлер, баланы дамыту бөлімшесінің медбикелері, психологтар жүргізеді. Теориядан басқа, практикалық дағдыларды игеру қарастырылған: қан қысымын өлшеу, қандағы қант деңгейін анықтау, тыныс алу жаттығулары, босану кезіндегі мінез-құлық және т.б.

Сабақтар ай сайын өтеді. Күні, уақыты және тақырыбы көрсетілген сабақ кестесі №1 емхананың әлеуметтік желідегі @emhana1krg парақшасында орналастырылады.

Материал Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты негізінде әзірленді