Бос жұмыс орны жәрмеңкесі – мүмкіндіктер алаңы
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – келушілерге жұмыс берушімен қарым-қатынас барысында жұмысқа орналасудың қолайлы нұсқалары мен шарттарын таңдауға мүмкіндік беретін, жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі. Қарағандыдағы «Таир» сауда үйінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Өткізілген шарада 264 азаматқа «2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы» шеңберінде пайдалы кеңес берілді. Оның ішінде 76 азаматқа жұмысқа орналасуға жолдама алды. Сондай-ақ 6 жолдамаға пробация қызметінде есепте тұрған азаматтар қол жеткізді. 27 жолдама жастар практикасы бойынша жұмысқа орналасуға берілді. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Қарағанды қаласының 45 жұмыс берушісінен 600-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге Қазыбек би және Әлихан Бөкейхан аудандарының пробация қызметі, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, жеке сот орындаушылары, қалалық емханалар атсалысты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының кәсіподақ орталығы қатысты.
Жәрмеңкеге келушілерге мамандар «Jumys Tap» жобасы бойынша мол мағлұмат берді. Тұрақты және уақытша жұмыс орындарына сәйкес «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағыттары бойынша жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес беру шаралары ұйымдастырылды.
Еске салайық, барлық өзекті бос жұмыс орындарын enbek.kz порталында қолжетімді. Жұмыспен қамту және тегін оқулар туралы толық ақпараттарды 8-775-644-35-80 басланыс нөмірі немесе Call center: 8-7212-60-50-50 нөмірі арқылы білуге болады.
Келесі бос орындар жәрмеңкесі қыркүйек айында жоспарланып отыр.
Жанбота БЕЙСЕМБАЙ, «QH»