Бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Атқарушы биліктің басты міндеті – халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту. Әрине, ол үшін қоғамдағы жұмыссыздық көрсеткішін азайтып, азаматтарды еңбекпен қамту керек. Бұл міндетті орындаудың бір амалы – Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі.
Шыны керек, қазір мықты маман табу өзекті мәселеге айналған. Көптеген мекеме жұмыс күшінің жоғын, мамандар тапшылығын айтып шағымданады. Дәл сол кезде қолынан іс келетін азамат жұмыс таппай сенделіп жүруі мүмкін. Ал «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ ұйымдастырған Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі маман іздеген жұмыс беруші мен жұмыс іздеген азамат арасын жалғайтын алтын көпір болмақ.
Жәрмеңке барысында білім беру ұйымдарының түлектері мен жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетіледі.
Бос орындар жәрмеңкесі 11 қарашада сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайында орналасқан «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-да өтеді.
Толық ақпаратты 996-397, 996-393 нөмірлерінен және WhatsАpp желісінен (8 (775) 644-35-80) алуға болады.