Білім берудегі инвестициялардың жаңа моделі: жатақхана құрудың тиімді тәсілдері
2000 жылдардағы туу деңгейінің жоғарылауы соңғы жылдардағы университеттер мен колледждерге түсушілер санының жыл сайынғы өсуіне айтарлықтай әсер етті. Бұл динамика әлеуметтік инфрақұрылымға, атап айтқанда, студенттерді оқу кезінде уақытша баспанамен қамтамасыз етуге әсер ететіні сөзсіз.
Бұл мақалада біз:
– студенттер жатақханаларын салуда мемлекеттік қолдау шараларын сипаттайтын боламыз;
– Қазақстанда студенттер жатақханаларын салу бағдарламасының ағымдағы нәтижелері туралы айтатын боламыз.
Студенттік резиденцияға қазіргі сұраныс өте жоғары. Білім беру мекемелерінің мәліметінше, еліміздегі жалпы тапшылық 63 мың орыннан асады. Сұраныстың негізгі бөлігі Алматы (21 мың), НұрСұлтан (17 мың) және Шымкент (3 мың) қалаларында жинақталған.
Студенттер үшін уақытша тұрғынүй нарығында тұтынушыларға сапалы әрі қолжетімді қызмет ұсынуға дайын мықты кәсіпкерлер қажет. Студенттер – тәжірибесі аз аудитория, олардың жайлы өмір сүруі үшін қауіпсіз әрі негізгі жағдайлар (су, жылу, тазалық) жасау – басты критерий.
Бүгінде мемлекет әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға мүдделі, бұл – қомақты қаржы құйылуымен және түрлі салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуымен расталады.
Бұл – студенттерді жатақханада орынмен қамтамасыз етуге де қатысты. 2010- 2017 жылдар аралығында Қазақстанда студенттік жатақханаларда бар болғаны 8 827 орын салынды. Сұраныс ұсынысты жабуға үлгермеді деп біржақты дәлелдеуге болады. Бұл мәселе жаһандық сипатқа ие болды және тез арада шешілуі тиіс.
Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2018 жылы мемлекет студенттер жатақханаларын салу және қайта жаңартуды ынталандыруға, жеке секторды білім беруге тартуға бағытталған мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін әзірледі.
Студенттерге арналған жатақхана салу жағдайында мемлекет күрделі шығындардың өтелуіне кепілдік береді, типтік жобаларды, жер телімдерін беру арқылы шығындарды оңтайландыруға жағдай жасайды. Сонымен қатар, студенттерге арналған жатақхана салуға қатысушыларды іріктеу тетігі жоқ. Бағдарламасына сәйкес нысанды қолданыстағы санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкес пайдалануға беру – жалғыз шарт.
Нысан пайдалануға берілгеннен кейін, мемлекеттік тапсырыс беріледі, оның жылдық мөлшері құрылыс кезінде – 122 АЕК (Алматы қаласы бойынша – 144 АЕК), қайта құру кезінде бір студентке – 47 АЕК. Мемлекеттік тапсырыспен 8 жыл мерзімге орналастырылады және ай сайын төлемдер жүргізіледі.
Жалпы, тетік іске асырылғалы бері 138 алдын ала келісім жасалып, нәтижесінде жатақхана қоры 44 555 мыңнан астам орынға ұлғаяды деп болжануда.
Бұл механизм өміршеңдігі мен тиімділігін көрсетіп үлгерді. Мәселен, 2018 жылдың екінші жартыжылдығынан бүгінгі күнге дейін 30 мың орындық 120-дан астам жатақхана пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, жатақханаға деген қажеттіліктің айтарлықтай төмендеуі туралы айтуға әлі ерте, өйткені студенттер санының табиғи өсуі ұзақ уақыт бойы жатақханадағы сұранысқа әсер етеді.
Айта кету керек, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру тетігін жетілдіру бойынша шаралар тұрақты негізде қабылдануда. Осылайша инвесторлар үшін механизмге қатысу шарттары туралы толық ақпарат беретін studdom.fincenter. kz промо-сайты құрылды, жатақхана құрылысының типтік және жеке жобаларын қамтитын жобалықсметалық құжаттама банкі қалыптастырылды. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыс көлемін 25%-ға ұлғайта отырып, құрылыс кезіндегі төлем мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту мәселелері пысықталуда.
Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда студенттерге арналған уақытша баспананың ішкі нарығына өршіл және күшті қатысушылар қажет екенін атап өткен жөн. Мемлекет өз тарапынан жатақхана салуға мүдделі кәсіпкерлерге қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге дайын. Әдістер қарастырылды, механизм іске қосылды және ресурстар жеткілікті.
Егер, бұл ұсыныс қызықтырса, толық ақпарат алу үшін бағдарлама операторына – «ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ 8 (7172) 695- 127 телефоны арқылы хабарласа аласыздар. Сондайақ www.studdom.fincenter.kz сайты да сіздер үшін жұмыс жасайды.