БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДАБЫЛ ТҮЙМЕЛЕРІ ПАЙДА БОЛДЫ

Қарағанды облысында оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бір апта ішінде жүк көліктері аймаққа баспа өнімдерінің екі үлкен партиясын жеткізді.

«Бүгінгі таңда мектеп қорынан 2–11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді. Биылғы жылы 1-сынып үшін және 2–11 сыныптар үшін тозғандарды ауыстыру үшін қайта шығарылған оқулықтарға тапсырыс берілді. 1 млрд 766 млн теңгеге 16 баспамен келісімшарт жасалды. Облыс бойынша бес тасымалдаушы анықталды», – деді Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова.

Оның айтуынша, оқулықтардың бірінші топтамасы 30 шілдеде, екіншісі – 5 тамызда келді. Жеткізуді 25 тамызға дейін толық аяқтау жоспарлануда.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша жаңа оқу жылында мектеп оқушыларының саны шамамен 209 мың адамды құрайды, оның ішінде бірінші сынып оқушылары – 21 800 бүлдіршін.

Бұл тарапта білім беретін ұстаздардың да дайындығы аса маңызды. Талап бойынша олар 100 пайыз қауіпті індетке қарсы екпе алған болуы тиіс. Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова жаңа оқу жылында

оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша оқытудың төрт нұсқасы қарастырылып жатқанын айтады:

— қашықтықтан;

— аралас, онда сабақтардың 80%- ы штаттық форматта және 20%-ы қашықтықтан өткізіледі;

— аралас, онда штаттық форматта 1–4 сыныптар, 5–11 сыныптар оқиды –офлайн және онлайн;

— штаттық оқытуға толық көшу.

Ш е ш і м эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданады.

– Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарының 39 240 педагогы мен қызметкері немесе 92,6% коронавирусқа қарсы вакцина алды. Сондай-ақ, 18 жастан асқан колледждердің 4 389 студенті екпе жасатты, бұл 55,6% құрайды. Барлық ұйымдарда педагогтар мен қызметкерлердің, сондай-ақ ата-аналардың мәртебесін тексеру үшін Ashyq жүйесі орнатылған. Барлық білім беру ұйымдары мен студенттік жатақханалар толық көлемде санитарлық құралдармен қамтамасыз етілген, – деді Гүлсім Қожахметова.

Мекемелердің жаңа оқу жылына дайындығын тексеру санитарлықэпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі.

Сондай-ақ, ведомство басшысы балалар үшін қауіпсіз орта құру туралы да ой бөлісті. Білім беру мекемелерінің жартысынан көбінде дабыл түймелері пайда болды. Сондай-ақ, дауыстық ескерту жүйелерін орнатылуда. Аталмыш жүйемен оқу жылының басында барлық мектептер мен колледждер жабдықталады. Сонымен қатар, 92 білім беру ұйымының кіреберістерінде турникеттер орнатылды. Бұл жұмыс жалғасуда.

Басқарма басшысының мәліметінше, биыл 166 білім беру нысаны: 120 мектепте, 26 балабақшада, 19 колледжде және бір балалар үйінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтап, оның сапасын қадағалауды тапсырды.

– Білім басқармасы санэпидбақылау департаментімен бірлесіп, оқушылар мен студенттерді дәстүрлі жүйеде оқыту үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Қорғаныс құралдарымен жабдықтауды толық көлемде қамтамасыз ету керек. Білім беру ұйымдарының педагогтары мен персоналына вакцинация жүргізу жалғастырылуы тиіс. Сонымен қатар, компьютерлер мен оқулықтармен қамтамасыз ету бақылауда қалады. Аз қамтылған мектеп оқушыларын әлеуметтік қолдауға ерекше назар аудару керек, – деді өңір басшысы.

 ОБЛЫС ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.