Билік пен қоғам арасында

Қарағандыда «Әділетті Қазақстанды құрудағы азаматтық қоғам институттарын біріктіру» тақырыбында облыстық азаматтық форум өтті. Атқарылған жұмыстар қорытындыланып, азаматтық қоғам құндылықтарын ілгерілету мақсатындағы ынтымақтастық жолдарын талқылады.

Бүгінгі қоғамда өзінің азаматтық позициясын білдіру құқығын пайдаланып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық салаларына қатысты барынша белсенді болуға ынталы азаматтар саны артып келеді. Сондықтан жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш форум атқарылған іс-шаралар нәтижелерін қорытындылауға және одан әрі бағыт пен өзара іс-қимылдың жолдарын анықтауға тамаша алаң болып табылады. Достық үйінде өткен жыл сайынғы «Әділетті Қазақстанды құруда азаматтық қоғам институттарын біріктіру» форумы үкіметтік емес ұйымдардың түрлі өкілдерін, отандық сарапшыларды, республикалық және жергілікті белсенді ұйымдардың, сондай ақ ҚХА өкілдерін, мемлекеттік орган қызметкерлерінің басын қосты.

— Әділетті Қазақстан құру жолындағы, ең бір маңызды жұмыстардың бірі, бұл біздің азаматтарымыздың азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру. Республикада болып жатқан саяси экономикалық әлеуметтік реформаларға азаматтарды белсенді қатыстыру. Сондықтан бұл ең маңызды жұмыс, мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам өкілдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, -деді «Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Серік Санаубаев.

Адал азамат-белсенді қоғам тақырыбындағы форум барысында мемлекеттің басқару өкілдігіне, жергілікті және орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ азаматтық қоғам субъектілеріне, азаматтық қоғам субъектілерінің тиімді серіктестігін қалыптастыру үшін мемлекетпен сындарлы диалог, әріптестік қарым-қатынасты одан әрі құру мақсатында ұсыныстар әзірлеу.

— Екі жүзге жуық делегат келіп, қатысып жатыр. Бүгінгі форумда бірнеше секция жұмыс істейді, әртүрлі тақырыптарда. Кейбір тақырыптарды бірінші рет енгізіп отырмыз. Нәтиже ретінде біз осы форумды қазір, бірнеше ұсыныстарды, орталық мемлекеттік органдарға, өзіміздің өңірлік деңгейдегі мемлекеттік органдарға осы жұмысты қалай жасаймыз? Қалай қаржыландырамыз? Қандай қосымша қаржыландыру көздері бойынша жұмыстар жасау керек. Осы мәселелерді талқылаймыз, ұсыныстар жасалынады, -деп атап өтті Серік Санаубаев.

Форумға қатысушылар үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы мәселелерді неғұрлым нәтижелі шешуге және қоғамды топтастыруға мүмкіндік беретіндігін айтуда. Форум барысында Қарағанды ​​облысының Азаматтық альянсы мен серіктес ұйымдар арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар әлеуметтік мәселелерді шешуде ынтымақтасуға және азаматтық қоғамның құндылықтарын ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

Жұпар АМАНБАЙҚЫЗЫ,                                   

«QH»