Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттеріне сыбайлас жемқорлық және онымен күресу жолдары туралы айтылды
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылау және шешу мақсатында студенттер үшін форум өткізу туралы шешім қабылдады.
Форумның мақсаты – қоғамның әл-ауқаты мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін сыбайлас жемқорлық төндіретін қауіп туралы білімі бар тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу, жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді жұмылдыру.
Шараға әкімдіктің, прокуратураның, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің, облыстың ардагерлер және басқа да ұйымдарының өкілдері өкілдері қатысты.
Форумда студенттерге сыбайлас жемқорлықты тану және сыбайлас жемқорлық жағдайларын анықтау кезіндегі іс-қимыл тақырыптары жайлы айтылды.
«Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлықтың не екенін түсіндіріп, осы залым құбылысқа теріс көзқарас қалыптастырады; құқықтық сана мен белсенді азаматтық ұстанымды дамытады, сондай-ақ құқықтық мәдениет деңгейін арттырады», – деп атап өтті кездесуге қатысушылар.