Басты міндет – қылмыстың алдын алу

2021 жылдың 19 қазанында Қарағанды қаласының полиция басқармасында Қарағанды облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әбіл Қалиақпарұлы Әбілдиннің төрағалығымен кеңейтілген жедел кеңес өткізілді, кеңесте 2021 жылдың 9 айындағы жедел қызметтік жұмысының нәтижелері мен орындалуы және мемлекет басшысының тапсырмалары атап айтқанда, полиция жұмысының сервистік модуліне көшуі, ашықтықты және қолжетімділікті, сондай-ақ халықпен кері байланысты жүзеге асыру барысы қарастырылды.

Жедел кеңесте Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасарлары, аппараттың қызмет бастықтары және аумақтық бөліністердің бастықтары қатысты.

Жиынды ашқан полковник Әбіл Әбілдин ағымдағы жылы қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша қабылданған шаралар қаладағы қылмыстық жайкүйін бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.Қылмыстың болмашы өсуіне қарамастан, қылмыстық құқық бұзушылықтың төмендеуі байқалады.Атап айтсақ, қоғамдық орындарда және көшелерде-7,6%,отбасы қарым-қатынас саласындағы қылмыстар-24,1%, бұрын сотталған тұлғалармен-2,8% төмендеген.

Басқарма басшылығы алаяқтықтың және есірткі қылмысының алдын алу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, полицейлермен заңдылық пен тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды, сонымен бірге аталған бағыттарда жұмысты жандандыру бойынша бөлініс бастықтарына тиісінше тапсырмалар берілді.

« Полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасының деңгейін жоғарылатуға, ішкі істер органдары жүйесіне деген халық сенімін қалыптастыруға бағытталған міндеттер жеке құрамнан күнделікті жұмысты талап етеді, оның нәтижесі полиция қызметінің жұмысын шынайы тиімді етуге септігін тигізуге»-деп атап өтті Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Думан Қожахметов.

Кеңес соңында Қарағанды қаласының ПБ қызметінің басты бағыттар, оның ішінде кезекші бөліністердің қызметін жетілдіру, әрбір құқық бұзушылық немесе қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларға жедел ден қою, қылмыстық істерді тергеудің сапасын жоғарылату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы басты бағыттар белгіленді.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ

Қарағанды қалалық полиция басқармасы.