Банкроттық – қарыздан құтылудың оңай жолы емес, шарасыздықтан жасалатын қадам екенін білген дұрыс
«Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы Назгүл Естеусизованың пікірінше, қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, банкроттыққа жүгінудің өсуін төмендетеді, өйткені бұл түбегейлі шара болып табылады.
— Назгуль Карасовна, Қазақстандағы банкроттық механизмі жұмысының алғашқы нәтижелерін қалай бағалайсыз? Сіз не айтқыңыз келеді?
— Еліміздегі банкроттық туралы заң 2023 жылғы наурыз айынан бастап әрекет етеді. Алғашқы нәтижелер туралы айтатын болсақ, біз күткендей болды десе де болады. Қыркүйек айының басынан бастап рәсімнен өтіп, ресми түрде банкрот деп танылған азаматтардың тізімі жарияланып жатыр.
Банкроттық туралы деректер ашық болғандықтан, біз кейбір өтініш берушілердің қарызы үш, төрт миллион теңге және қарызды бірнеше кредиторлардан алғанын көріп, мұндай азаматтардың жағдайы шынында қиын екенін түсінуге болады. Алайда қарызы бір ғана ұйымда және оның көлемі 300 000 теңгеге дейін болған жағдайлар көптеп кездеседі. Мұндай шағын сома бойынша берешек болса, қарызгерде шарасыздық жағдайы орын алды деп ойламаймын. Өкінішке орай, көптеген қазақстандықтар банкроттық рәсімін амнистия және қарыздан құтылудың оңай тәсілі деп ойлайды және оның салдарлары туралы еш ойланбайды.
Халық банкроттық мәселесінің барлық мәнін түсінуі қажет, алайда өміріміздің сапасын, біз барлық күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерімізбен өлшеп бағалаймыз, мысалы: бір кісінің жазда тоңазытқышы жанып кетті, ал далада 40 градустың ыстығы, ол кісінің жанұясы бар, балалары да кішкентай. Сонымен тоңазытқышты бұрынғыдай бір-екі жылға бөліп сатып алуына ой салады, бірақ өкінішке орай, банкрот үшін бұл мүмкін емес, ешбір банк оның өтінішін, несиеге де, бөліп төлеуге де мақұлдамайды, нәтижесінде сол адам жағымсыз жағдайға тап болады және бұл тек тоңазытқышқа ғана қатысты емес, ол бұрын оңай қол жеткізе алатын барлық заттарға қатысты. Осымен, ол 200-300 мың теңге қарызын өтеп, барлық игіліктерді жүйкесіз пайдаланған дұрыс деген түсінік келеді. Әрине, ол осы жағдайдан шығу үшін бұрын қолданған заттарды сатып алуы мүмкін, бірақ алған заты, екі аптадан кейін істен шықпайтынына кім кепілдік береді? Бұның бәрі арзанға түспейтін шығынға айналады. Осыған ұқсас жағдайлар ашу мен наразылық әкеліп, осымен бітпей бұл қиындықтарға 5 жыл бойы төзуге тура келеді.
— Tazalau сервисінің деректеріне сәйкес соттан тыс банкроттық рәсіміне 65 мыңнан астам қазақстандық өтініш берген, алайда олардың 80%-ы мақұлданбаған. Оның себебі неде деп ойлайсыз?
— Қарызгер банкроттық туралы заң талаптарына сәйкестікке тексеру рәсімі екіжақты сұрақ. Өтініші мақұлданбаған тұлғалар рәсімнің талаптарына сәйкес келмеген немесе өтінішті қате толтырған. Алайда соттан тыс банкроттық рәсіміне берген өтініш берушілердің елеулі саны қарызын өтеуге мүмкіндігі болғандығына назар аударғым келеді.
Біз берешек сомасы шамамен 100 мың теңгені құрайтын қарызгерлерді де көрдік, алайда мұндай қарызды шағын және тұрақты жарналарды төлеу арқылы өтеуге болады. Келесі бес жыл ішінде еліміздің қаржылық жүйесінен алшақ болу және ұзақ мерзім ішінде «банкрот» атағына ие болу секілді салдарлардың түсіндірілгендігіне қарамастан, азаматтар түбегейлі қадамға неліктен баратындығы сұрақ болып қала беруде. Менің жауабым өте оңай. Мұндай қадамды кейбір қаржылық институттардың икемсіздігімен түсіндіруге болады.
Берешекті сотқа дейін реттеу кезеңінде банктер, микро қаржылық ұйымдар немесе коллекторлық агенттіктер қарызгерден берешекті бірден толық немесе оның басым бөлігін төлеуді талап етеді. Әрине, қаржылық қиыншылықтары бар азаматтар аталған талапты бірден орындай алмайды, сол себептен тіпті беделге нұқсан келтірілсе де, шектеулер болса да, банкрот болу жақсы идея болып көрінуі ықтимал. Осылайша кредиторлар қарызгерлерді өздері мұндай қадамға итермелейді.
Бұған қоса банкроттық рәсім арқылы қарыздан құтылуға көмек көрсетуге уәде беретін делдалдарда бар. Соның нәтижесінде кейбір қарызгерлер кредитті әдейі өтемейді, тиісінше банкроттық рәсімнен өтуге үміттенеді. Мемлекеттік органдарға осы жайтқа назар аударып, «Банкрот болуға көмектесемін», «Қарыз бен кредиттен құтылуға көмек көрсетемін», «Жұмысқа алсақ, кепілдік береміз» деген секілді слогандары бар қызметтерді кем дегенде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарнама түрінде жариялауға, спекуляция жасауға тыйым салу қажет деп санаймын.
— Егер қарызгердің банкроттық туралы өтінімі мақұлданбаса, не істеу қажет?
— Егер қарызгердің банкроттық туралы өтінімі мақұлданбаса, оның себебін жойып, рәсімнен өту туралы өтінішті үш айдан кейін қайтадан бере алады. Банкроттық – бұл «төтенше» шара және оны тек қана шынайы қаржылық қиыншылықа ұшыраған адамдар пайдалануы керек екендігін түсіну қажет.
Алайда мен бұған дейін атап көрсеткендей, қарызды қайта құрылымдау мен оны шағын бөліктермен өтеу барлық тараптар үшін ең дұрыс шешім болып табылады, бұған қоса қарызгердің әлеуметтік статусына ешқандай нұқсан келтірілмейді және ол ары қарай қаржылық институттардың қызметтерін тиімді пайдалана алады.