Balhash Tour Fest: Балқаш көлінің жағасында экомәдениет, спорт және ойын-сауық фестивалі өтеді
Екінші жыл қатарынан Balhash tour Fest Балқаш тұрғындары мен қала қонақтарын көл жағасындағы түрлі ойын-сауық пен мәдени іс-шаралармен қуантып келеді. Ұйымдастырушылар демалушыларға мәдени, спорттық және экологиялық іс-шараларды қамтитын екі күндік ауқымды бағдарлама дайындады.
Фестиваль көлдің жағасында, Ақшағыл ауданында өтуде. Balhash Tour Fest өңірдегі туризмнің дамуына жаңа серпін береді, деп сенеді ұйымдастырушылар.
Фестивальдің ашылуымен қонақтарды туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев құттықтады.
– Туризмді дамытуға бағытталған орасан зор мәдени және спорттық іс-шараның өтуімен құттықтаймын. Жыл сайын Балқашта туристер саны артып келеді. Өткен жылы аймаққа 360 мыңнан астам демалушы келді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60 мыңға артық. Көлдің курорттық аймағы республикалық туристтендіру картасының топ-10 нысанына кіретіні бекер емес, – деді Ержан Еркінбаев.
Фестивальге келушілерге ыңғайлы болу үшін жағалауға дейін тегін тасымалдау ұйымдастырылған. Автобустар әр 15 минут сайын 09:00-ден 00:15-ке дейін жүреді.
Santorini демалыс аймағына қарама-қарсы жерде ақысыз көлік тұрағы бар, мұнда полиция бекеті де жұмыс істейді.
– Биыл біз фестивальді өткен жылғы тәжірибені ескере отырып ұйымдастыруға тырыстық. Біз өткен жылмен салыстырғанда екі есе туристер келеді көп күтеміз. Ересектер мен балалар екі күн бойы әртістердің, жарқын шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады, спорттық жарыстар мен экоакцияларға қатыса алады. Balhash Tour Fest біздің қаламыздың визит карточкасына айналуы және туристер ағынын арттыруы тиіс, – деп есептейді Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев.
Фестивальге келген балалар акванрим жасай алады, футболкалар мен банданаларды бояй алады. Олар үшін құм сарайын салу, батпырауықтарды ұшыру бойынша қызықты шеберлік сабақтары өтеді.
Ашық аспан астындағы экранда демалушылар отандық кинематографтың фильмдері мен мультфильмдерін көре алады.
Фестивальде әркім өзіне ұнайтын ойын-сауық табады. Мұнда ұлттық аспаптардың жылжымалы мұражайына баруға, фитнеске, йогаға қосылуға, волейбол, гір спорты және армрестлинг жарыстарына қатысуға болады.
Жағажайда үлкен фуд-корт пен қолөнершілер дүкендері орналасқан.
Мұнда дәмді тамақтанып қана қоймай, қолөнершілер жасаған ерекше кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдарды сатып алуға болады.
– Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Биыл бізге өте жақсы орындар, бірыңғай жабдықтар бөлінді. Біз үшін орындар ұлғайтылды. Қаламызда осындай фестиваль өтіп жатқанына қуаныштымыз. Көңіл-күйіміз тамаша, туристер қуанышты, Balhash Tour Fest жыл сайын өткізілуі керек. Адамдар біздің қала мен ең әдемі көл туралы білуі керек, – дейді кәсіпкер Лилия Зуева.
Кешке Ди-Джей Никита Филатовпен және Алматыдан келген кавер-топтың орындауымен «Музыкалық толқын» шоу-бағдарламасы мен би шайқасы өтеді.
26 шілде, Фестивальдің бірінші күнінің соңғы аккорды от жағу болады.
Balhash Tour Fest-тің екінші күні, 27 шілде де қарқынды және жарқын болады деп күтілуде.
Таңертеңгілік жаттығулар мен ойындардан кейін қонақтар аспаздар мен бармендердің байқауларын тамашалай алады. Олар барбекю мен алкогольсіз коктейльдер дайындауда жарысады.
Сондай-ақ, қонақтарды дискотека мен яркокросс күтеді, көлде спорттық жарыстар, су ойын-сауықтары және экокросс өтеді.
Фестивальдің басты хедлайнері – Қазақстандық эстрада жұлдызы Дастан Оразбеков.
Қонақтар екі күн бойы Азамат Бакияның «Жошы» этно-фольклорлық тобының, TIMURS TEAM би ұжымының, «АстанаKZ» командасының, сүйкімді Say Mo және қазақстандық эстраданың басқа да жұлдыздарының шығармашылығымен жақынырақ таныса алады.
Фестивальдің жабылу құрметіне мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар атап өткендей, көл жағасындағы мерекенің басты міндеті – өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру.
Фото Александр Марченконікі
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/816489?lang=kk