«Балалар алаңы – қоқыс тастайтын орын емес»

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов абаттандырылған аулалар мен балалар алаңдарының қоқысқа толуына қатысты тұрғындарға үндеу жасады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Алаңды салып, орындық пен қоқыс жәшіктерін орнатамыз. Бірақ аз уақыт өтпей жатып «Мұны кім тазалайды?» деген шағымдар түседі. Ең алдымен тұрғындар өздері тазалықты сақтауы керек» – деп жазды.

Әкімнің айтуынша, енді жаңа алаңдар мен асфальттау жұмыстары тек ПИК, МИБ немесе аула сыпырушысы бар аулаларға ғана жүргізіледі. «Барын сақтай алмаған жерге жаңасын салмаймыз. Жаңа нысан керек болса – барын сақтау қабілетін дәлелдеңіз» – деді қала басшысы.