Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану

Балабақшада инновациялық технологияларды қолдану білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды бөлігіне айналуда. Бұл «Біртұтас тәрбие» республикалық бағдарламасын жүзеге асыру стратегиясы аясында балалардың дамуына қолайлы және тиімді жағдай жасауға бағытталған.

Соңғы жылдары менің бастамаммен балалардың шығармашылық әлеуетін, сыни ойлау қабілетін және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектесетін жаңа тәсілдер мен технологиялар белсенді енгізілуде.

Білім берудегі инновациялық тәсілдерді іске асыру аясында біз белсенді оқыту әдістерінің бірі – жоба бойынша жұмыс жүргізуді таңдадық. «Балауса әлемді таниды» атты ортақ жоба аясында біз балалар үшін қызықты әрі танымды бағыт таңдалды. Тәрбиешілер К.А. Гонторенко мен Н.Д. Червинская жүргізетін «Қазақстан-Travel» жобасы балаларға туған елінің табиғаты, мәдениеті, дәстүрлері және тарихымен танысуға мүмкіндік береді. Жоба аясында Қазақстанның өңірлерін, сондай-ақ бүкіл әлемді виртуалды түрде зерттейміз.

Жобаны іске асыру барысында біз балалармен бірге 360 градус форматындағы бейнелерді пайдаланып, Қазақстан қалалары мен табиғи қорықтарына онлайн-экскурсиялар жасаймыз (мысалы, Алматы таулары, Балқаш көлі, Шарын шатқалы). Мультфильмдер мен деректі бейнероликтер арқылы балалар Қазақстанның табиғи және мәдени ерекшеліктерін түсінікті түрде танып, басқа құрлықтардың өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігімен танысады.

Тәрбиешілер Т.В. Васильева мен А.К. Кубайдильдина балалармен карта және глобус бойынша географиялық зерттеулер жүргізуде. Виртуалды саяхаттар мен карталарды бір уақытта зерттеу балаларға Қазақстанның және әлем елдерінің географиялық орнын анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті панельдердегі объектілерді қарау арқылы еліміздің ірі қалалары, әсем өзендері, таулары және басқа да табиғи объектілері туралы ақпарат беріледі.

Педагогтар Е. Серемак мен Г.П. Шинибекова «Улинцзы Қытай құсы», «Жас батырдың жолы» атты квесттер, «Тумба Юмба аралының барабандар карнавалы» атты спорттық ойын-сауық шараларын, балалар саяхатшылар мен зерттеушілер рөлінде болып «Аида Кауменовада қонақта» атты дәстүрлі емес ойынды өткізді. Мұндай іс-шаралар балалардың Қазақстанның дәстүрлері мен мәдениетіне деген оң көзқарасын қалыптастыруға, сондай-ақ саяхатқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Жобада біз Қазақстанның экологиялық мәселелерін, мысалы, су айдындарын сақтау және сирек кездесетін жануарларды қорғау тақырыптарын талқылауды да ұмыт қалдырмадық. «Қазақстанның табиғатын қорғайық» атты экологиялық квест өткізілді. Қазақстан экожүйесін зерттеу, флорасы мен фаунасының ерекшеліктерімен танысу – табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсінуге бағытталған шаралар тәрбиенің бір бөлігі болуы керек.

Біз «Қазақстан-Travel» жобасының жүзеге асырылуы балаларды оқытудың, олардың таным көкжиегін кеңейтудің және туған елінің мәдениеті, табиғаты мен тарихына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеудің қызықты әрі пайдалы тәсілі екеніне сенімдіміз.

З.А. Қазтаева,

«Балауса» балабақшасының директоры