Бұзушылықтарды есептен бұрын жою – тиімді тәсіл
Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Ақтоғай ауданының төрт бюджет әкімшісінің бағдарламаларында жыл ішінде жалпы сомасы миллиард теңгеге жуық бұзушылықтарды анықтады. Оның 36,6%-ы – қаржылық қателер, қалғаны – рәсімдік бұзушылықтар.
Оң нәтижелердің бірі – 248,3 млн теңге сомаға бұзушылықтар қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жойылып, бұл лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шараларды болдырмауға мүмкіндік берді.
Негізгі себептер – ішкі бақылаудың әлсіздігі және активтерді басқарудағы талдаудың жеткіліксіздігі.