Бүгін «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттерінің арасында «Ел үшін егілемін» кездесуі өткізілді
Бүгін «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттерінің арасында «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының мүшелері, медицина ғылымдарының докторы және РЖА академиясы (Ресей Жаратылыстану Академиясы), жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры Бегайдарова Розалия Хасанқызы, қалалық мәслихат депутаты Жибек Камалиевна Камалидің қатысуымен екпе алудың маңыздылығы туралы өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында COVID – 19 коронавирустық инфекциясына қарсы екпе мәселелеріне ерекше назар аударылды. Розалия Хасанқызы өз сөзінде коронавирус әлі бітпегенін атап өтті, бұған Қазақстанның көптеген облыстары мен өңірлерінде ауырғандар санының өсуі дәлел бола алады. COVID-19 екпесі алдын — алу шараларымен бірге пандемияны бақылауға алуға көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Ерікті екпе алу мүмкіндіктерін ұйымдастыру, білім беру процесі мен студенттердің жатақханаларда тұру қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.
Іс-шара соңында спикер Сovid-19 асқынуларымен күресуді үйрендік, бірақ коронавирустың өзінен тиімді дәрі әлі жоқ екенін атап өтті. Сондықтан екпе біз үшін, әсіресе студенттер үшін өте маңызды. Бізге бұрынғы оқыту режімін, яғни оффлайн режімін қайтару, оқыту процессі мен жатаққаналарда тұру қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет деп айтып өтті.
Екпе кез-келген індетке қарсы күресте әрдайым тиімді әдіс болды, сондықтан біз барлығын және Университет студенттерін мүмкіндігінше коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға шақырамыз.
Іс-шара барысында «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік -әлеуметтің тапсырысы аясында дайындалған «Мен екпе алдым» жапсырмалары таратылды. Барлығы 125 студент қатысты.
Бүгінгі таңда COVID-19 пандемиясы әлем тарихында және өзіміз үшін мәңгі із қалдырды. Екпе пандемияның жойылуына септігін тигізеді. Аман болыңыздар.