Бұқаралық спортты ілгерілету жұмыстары қарқын алып келеді
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуды тапсырған бағыттары бойынша Қарағанды облысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аймақ спорт инфрақұрылымын жаңғырту, спорттық жетістіктерді арттыру және халықты спортқа кеңінен тарту ісінде еліміздегі алдыңғы өңірлердің қатарында. Өткен жылы қол жеткізілген көрсеткіштер мен келесі жылға жоспарланған міндеттер арнайы брифинг барысында баяндалды.
Облысымызда 1 259 спорт ұйымы қызмет көрсетеді. Солардың базасында 442 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен айналысады. Аймақта 39 спорт мектебі жұмыс істейді, онда шамамен 28 мың тәрбиеленуші бар. Солардың ішінде ауылдық жерлерден келген балалар, көпбалалы отбасылардың балалары және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдер де бар.
– Қарағанды облысында спорт инфрақұрылымы жақсы дамыған. Бүгінде 1 259 спорт ұйымы жұмыс істеп, 442 мыңнан астам адам жүйелі түрде спортпен айналысады. Біз әсіресе балалар мен жастардың, оның ішінде ауылдық жерлерден келген және көпбалалы отбасылардың ұлдары мен қыздарына спортқа қатысу мүмкіндігін кеңейтуді басты назарға алудамыз, – деді Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов.
Қарағанды облысының ұлттық спорт құрамасындағы орны мықты. Құрамында 1 200-ден астам спортшы бар. Бір жылдың ішінде облыстың қала және аудан спортшылары жүздеген турнирге қатысып, шамамен 14 мың медаль жеңіп алды. Бес жаттықтырушы «еңбек сіңірген» атағына ие болса, екі спортшы «еңбек сіңірген спорт шебері» мәртебесін алды. Сонымен қатар, спортшылар әлем чемпионаттарында 27 алтын медаль еншіледі. Ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық тұрақты өсуде. Қазіргі таңда 38 мың адам спортпен шұғылданады, олардың 36-сы – ел құрамасының мүшелері. Биыл қарағандылық спортшылар қазақ күресі, тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан Әлем және Азия чемпионаттарында жүлделерді жеңіп алды. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған спортқа да ерекше назар аударылуда. Ұлттық құрамада 105 параспортшы бар, ал биыл олар спартакиадада 83 медаль жеңіп, Азияның екі рекордын жаңартты.
– Қарағанды облысында спорт инфрақұрылымы тұрақты дамуда. Біздің құрамамызда 1 200-ден астам спортшы бар, олардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Облыс спортшылары түрлі халықаралық және республикалық жарыста жүздеген медаль жеңіп, ұлттық спорт түрлерінде аймақтың беделін арттырып келеді. Біз балалар мен жастардың, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың спортпен айналысуына ерекше көңіл бөлудеміз, – дейді Дәурен Есімханов.
Тағы бір маңызды бағыт – қолжетімді спорт инфрақұрылымын дамыту. Қарағандыда қазір екі бейімделген алаң жұмыс істейді, ал келесі үш жыл ішінде облыс бойынша осындай 238 нысан ашылмақ. Жалпы, өңірде 1 317 спорт ғимараты қызмет көрсетеді, сондай-ақ жеті жерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері мен ірі спорт кластерлерінің құрылысы жүргізілуде.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ,
«QH»

