Бұқар жырау ауданындағы Нұра өзеніне екі қыз батып кетті
Бұқар жырау ауданында, Нұра өзенінің бойындағы Қызылжар ауылында 29 маусым күні 9-сыныпта оқитын екі қыз суға түсуге тыйым салынған жерде белгісіз жағдайда суға батып кетті, ересектердің қарауынсыз болған.
Куәгерлердің айтуынша, балалар суға батқан жерде құйындары бар жылдам ағыс, жағадан 4 метр қашықтықта өткір жартас болған. Оқиға орнында барлығы 3 бала болған. Жағада бір қыз қалды, ол оқиға туралы жақын маңдағы тұрғындарға хабарлады.
Сағат 19:00-де жедел-құтқару жасағының күшімен 2011 жылы туған қыз баланың денесі табылып, шығарылды. 2009 жылы туған қызды іздеу жалғастырылуда.
Бұл оқиға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын көрсетеді:
️Ешқашан мас күйде суға түспеңіздер!
️Тыйым салынған немесе белгісіз жерлерде суға түсуден аулақ болыңыздар! Балаларды үнемі қадағалаңыздар және судың жанында қараусыз қалдырмаңыздар!
️Ескерту белгілері мен құтқарушылардың нұсқауларын орындаңыздар.
Су қоймаларындағы қауіпсіздік көп жағдайда ТЕК СІЗГЕ байланысты!
Қандай да бір оқиға орын алса, 101 немесе 112 телефондарына хабарласыңыздар!