Қазақстандағы көлік кепілдігіне берілетін кредиттерге сұрау артуда: тенденциялар мен факторларды талдау
Қазақстанда соңғы жылдары көлік кепілдігіне берілетін кредиттерге сұрау тұрақты түрде артып келеді. Бұл тенденцияны экономикалық факторлармен, көлік делдалдары мен қаржылық институттардың маркетингтік стратегияларымен, сонымен бірге тұрақсыз әлемдік экономикамен және еңбек нарығына жеке көлігі жоқ жаңа ұрпақ өкілдерінің шығуымен байланысты халықтың тұтынушылық мінез-құлық өзгерістерімен байланыстыруға болады.
Автокредит көлемінің артуы: статистика мен динамика
ҚР Ұлттық банкінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы IV тоқсанда автокөлікке өтінімдердің саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 3%-ға артып, 1,2 млн. АҚШ долларына жеткен. Банкте бұл көрсеткіштің артуын автосалондар тарапынан жүргізілетін белсенді маркетингтік ұсыныстармен және ішінара субсидия қарастырылған акция өнімдерімен байланыстырады. Автокредиттеуді белсенді дамыту көлікті сатып алуды қолжетімді етіп қана қоймай, сұраныстың артуына алып келеді.
Бірінші кредиттік бюроның деректеріне сүйенсек, 2024 жылы автокредиттеу портфелі айтарлықтай өсіп, 3,6 трлн. теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 44,8%-ға артқан. Өткен жылы берілген автокредиттердің сомасы 1,8 трлн. теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 13,2%-ға артқан. Қарыз алушылардың саны 10,2%-ға өсіп, 214 мың адамға жеткен. Келісімшарттардың саны 5,7%-ға артып, 228,4 мыңнан асқан.
«Соңғы жылдары көлік иелері үшін көлік қозғалыс құралы ғана емес, инвестиция ретінде тиімді және өтімді мүлік. Сол себептен автокредиттеу қазақстандықтар үшін қызықты өнім. Цифрлық құрал-саймандарды дамыту мен осы сегментте қызметтерді көрсететін кредиторлар тізімін кеңейту автокөліктерге сұранысты арттырады және оларды алу үдерісін жеңілдетеді», — деді Swiss Capital МҚҰ бас директоры Анна Максимова.
Көлік ломбардтары мен МҚҰ
Банктерден басқа көлік кепілдігіне берілетін кредиттерді ұсыну саласында микроқаржылық ұйымдар (МҚҰ) мен көлік ломбардтар елеулі рөлді атқарады. Олар көлік құралының жасына қойылатын минималды талаптарды және қарызды жедел ресімдеуді қоса алғанда тиімді шарттарды ұсынады. Осылайша кейбір көлік ломбардтары көлік құнының 50%-на дейінгі қаражатты беріп, кредитті ресімдеуді 1-2 сағат ішінде аяқтайды. Қазіргі таңда МҚҰ тұрақты негізде цифрлық сервистерді жақсартады, адалдықтың түрлі бағдарламаларын және кредиттеудің тиімді шарттарын, оның ішінде кепілдікке тұрған көлік құралын айдау құқығын ұсына отырып, клиенттер үшін өз өнімдерінің тартымдылығын арттырады.
«МҚҰ артықшылықтарының бірі – икемділік. Бұл тиімді шарттарды ұсынудағы икемділікпен ғана емес, көліктерді бағалауды жүргізумен ерекшеленеді. Мысалы, Swiss Capital көлік құралын қарыз алушының қалаған жеріне барып, бағалау қызметін ұсынады, себебі мұндай қызмет өз жұмысын тоқтату мүмкіндігі жоқ арнайы және ауыл шаруашылық техника иелеріне өте ыңғайлы» — деді Анна Максимова ханым.
Экономикалық және тұтынушылық факторлар
Көлік кепілдігіне берілетін кредиттерге деген сұраныстың артуы экономикалық және тұтынушылық факторлармен байланысты. Автокредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі және өтеудің икемді мерзімі оларды халық үшін қолжетімді етсе, цифрлық сервистердің дамуы кредитті алу үдерісін жеңілдетеді. Бұған қоса көлік құнының тұрақты өсуі тұтынушыларға көлікті сатып алу үшін тиімді қаржылық құрал-саймандарды іздеуге уәждемелейді. Қазақстандықтар көлікті тиімді салым ғана емес, «жұмыс» құралы ретінде қабылдайды және оны әлемдегі экономикалық ситуацияға қарамастан, жеке пайдалануға сатып алады. Осы себеп әдетте автокредитті алу барысында шешуші рөлді атқарады.
Жорамалдар мен перспективалар
Жалпы алғанда, Қазақстанда кредиттің осы түріне деген сұраныс артып келеді және сарапшылар көрсеткіштің ары қарай артатындығына сенімді.
«Алдағы бірнеше жылда кепілдікке берілетін автокредиттеу көлемі артады. Көлік құралына берілетін кредиттер бірнеше себептер бойынша сұранысқа ие болу тенденциясы жалғасады: кепілдікке қойылатын актив өтінімнің мақұлдануына оң әсер етеді, тиімдірек шарттарды және ірі соманы ұзақ мерзімге алуға, ретте кредитті айыппұлсыз және комиссиясыз мерзімінен бұрын өтеуге мүмкіндік береді. Яғни қарыз алушы қаржылық сұрақтарын шешіп қана қоймай, көлік құралын пайдалануды жалғастыра береді. МҚҰ мен банктер үшін мұндай қарыз түрі тартымды болуда. Олар кепілдікті қарыз түріне жатады, тиісінше қаржылық ұйымдардың тәуекел деңгейі төмен, сол себептен кепілсіз кредиттермен салыстырғанда аса тиімді пайыздық мөлшерлемелерді ұсынуға дайын», — деді Swiss Capital МҚҰ бас директоры кепілдікті автокредиттеу нарығындағы жағдайға қатысты өз пікірінде.
Автокөлікке кредит алуға өтінімдердің саны автокөлік делдалдары мен қаржылық ұйымдардың тарапынан жүргізілетін белсенді маркетинг жағдайында артады деп күтілуде. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысында 2025-2026 жылдар аралығында банктер кепілдікпен ресімделген автокредиттерді беру кезінде қарыз жүктелімінің коэффициенті ескерілмейді делінген. Осылайша тұтынушылық сұраудың және елімізде шығарылған көліктерді сату үлесінің артуына көмек көрсетілуі ықтимал. Нарықтың кеңею себебінен банктер мен МҚҰ өзінің кредиттік портфелін мейлінше тартымды, ал қарыз алушылар үшін шарттарды тартымдырақ етуге тырысатын болады.