Қазақстанда 5 жылда шамамен 1,5 млрд көшет отырғызылды. Премьер-министр «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша кеңес өткізді

Премьер-министр жұмыс қарқыны баяу Абай және Ұлытау облыстары әкімдерін тыңдады: өңірлерде полигондардың 36% және 53%-ы ғана жойылған. Олжас Бектенов тұрмыстық қатты қалдықтарға қатысты жағдайды түзету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Жетісу облыстарының әкімдіктері жыл соңына дейін заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстарын аяқтауы қажет. Полигондар құрылысын жеделдету тапсырылды.

 Биыл шамамен 6,5 млн қазақстандық экологиялық акцияларға қатысты. Премьер-министр жастарға ерекше көңіл бөле отырып, халық арасында кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

 Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева экологиялық мәдениет қалыптастырудың жаңа тәсілдері туралы айтты. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы арқылы өскелең ұрпақ бойына еңбекқорлық, отансүйгіштік, экологиялық жауапкершілік құндылықтарын сіңіруде. Бүгінгі таңда оқушылардың 87,2%-ы қосымша экологиялық біліммен қамтылған. Олар үшін экология, биология, туризм, өлкетану және басқа да бағыттар бойынша клубтар мен үйірмелердің 380-ге жуық түрі жұмыс істейді.

 Қазіргі уақытта еліміздегі 35 жоғары оқу орнында экология саласы бойынша мамандар дайындайды. 2025–2026 оқу жылына «Қоршаған орта» бағыты бойынша 2358 мемлекеттік грант бөлінді. Жоғары оқу орындарында да еріктілік белсенді дамып келеді: студенттердің қатысу көрсеткіші 45%-ды құрады.

 Сонымен қатар инженерлік экология, экоаналитика және тағы басқа саласында кадрлар даярлау жөніндегі білім беру бағдарламаларын жаңарту жүргізілуде, 2025–2027 жылдарға арналған ғылым желісі бойынша «Экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бағыты бойынша 318 жоба жүзеге асырылуда.

***
 Президенттің орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жеке мәселе ретінде қаралды.

 Экология министрінің айтуынша, 2021–2025 жылдар аралығында республика бойынша жалпы ауданы 918,4 мың гектар алқапқа 1 млрд 470 млн ағаш егілді, оның ішінде биыл 320 млн көшет отырғызылды.

«Семей орманы» МОТР жабық тамырлы көшеттер өсіру тәжірибесі 5 өңірде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Абай облыстарында кеңейтілуде. Отандық ағаш тәлімбақтарында өсірілген көшеттердің өмір сүру деңгейі 90%-ға жетеді. Келесі жылдың басында сыйымдылығы жылына шамамен 6 млн көшет егуге жететін орман тұқымын өндіру бойынша жаңа 6 кешеннің құрылысы басталады.

Арал теңізінің құрғаған түбінде табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба шеңберінде Қазалы қаласында қуаттылығы 3 млн данаға дейін сексеуіл көшеттері бар тәлімбақ салынды. Құрғатылған теңіз түбінде тағы бір тәлімбақ салу және «Арал Орманы» резерватын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдіктері басшылығының есебі тыңдалды, онда ағаш отырғызу және тұқым жинау бойынша кемшіліктер бар.

✅ Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер сапалы отырғызуды қамтамасыз ету және тәлімбақтар құру бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайда егілген көшеттердің санына ғана емес, олардың жерсініп кетуіне де назар аудару керек.

 Бақылауды күшейту үшін Премьер-министрдің төрағалығымен «Таза Қазақстан» Президент бастамасының жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Жауапты мемлекеттік органдар жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ай сайын баяндайтын болады.