Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хабары жарияланды
Бүгін «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының хабары жарияланды.
Онда 2022 жылдың 5 маусымында өткен республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын хабарлаумен қатар, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының толық мәтіні жарияланған.
2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумға шығарылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды деп есептеледі, өйткені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы оң шешімді жақтап дауыс берді.