Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Сәкен Сейфулин

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР-інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин туғанына биыл 130 жыл толды. Соған орай Әбілқас Сағынов атындағы  Қарағанды техникалық университеті, Химия және Химиялық технологиялар кафедрасының ғимаратында кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен  дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатымыз – Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтой қарсаңында студенттерге өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім екенін кеңінен насихаттау, ұлы тұлғаларды оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін,  жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.

Сәкен Сейфулиннің еңбектері жайында кітап көрмесі ұйымдастырылып, студенттерге көрсетілді.

Шараға қатысқан студенттер С.Сейфулиннің өлеңдерін оқыды.

Сәкен Сейфулин туралы белгілі әдебиетшілер мен қоғам қайраткерлерінің пікірлері тыңдалды.

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық мұрасы бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған. Оның еңбектері әр буын оқырмандары үшін маңызды әрі өнегелі болып қала бермек. Ол қазақ әдебиетінде жаңа дәуірдің басталуына себепші болды, ал оның шығармалары халқымыздың ұлттық санасының дамуына үлкен ықпал етті. Ешкімде ұмытылмақ емес, Бүгінде 130 жасқа толған қайраткер Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын құнды мұра. Оның есімі қазақ әдебиетінің тарихында мәңгілікке қалады.

Мақпал Жақсыбаева, Құндыз Акимжанова,

Әбілқас Сағынов атындағы  Қарағанды техникалық университеті  Химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушылары