Қауіп қайдан?

Қарағандылықтар қауіпті балкондар мәселесін көтерді, олар қала келбетін бұзып қана қоймай, құлау ықтималдығы жоғарылап, тұрғындарға қатер төндіреді. Салдары үшін кім жауап береді?

Қарағанды қорқынышты балкондар қаласына айналды, олардың кейбіреулері пәтерлердің аумағын ұлғайту мақсатымен өлшемдері бойынша бәсекелесіп ескі конструкцияларға ауыр салмақты жүктей отырып салынған. Бұрын сыртқы келбетіне өзгеріс енгізуге болмайтын негізгі көшелер бойындағы үйлер қазір ешкімнің бақылауында емес. Біздің тұрғындар үшін жаңа әзірлеушілер шыны қылтималар салуды ұйымдастырады, ал ескілері сол қауіпті күйінде тұр.

– Енді кім қалай десе де, тұрғындар да бүкіл артық заттарын балконға тыға бермеуі керек. Осы тұрғысынан өздері де ойлануы керек, – дейді жабдық инженері Сергей Шошин.

Ескі үйлердегі балкондардың астынан өту былай тұрсын, алыстан қараудың өзі қорқынышты. Үшінші гимназияның сол жағындағы балкондар бүгін болмаса ертең құлауы әбден мүмкін. Әйтеуір біреудің үстінен түспесе болды, дейді тұрғындар.

– 29 үйдің 5 қабатындағы балкон құлап, аяғы ауыр әйел қайтыс болған. Қасындағы жігіт аман қалды. Мұндай жағдайларға неменеге таңқаламыз. Ескі боп тұрған соң, жөндеу, өзгеріс болмағаннан кейін, құламағанда қайтеді, – дейді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 27 үй тұрғыны Виктор Цепалкин.

Виктор Цепалкин көрші үйдің балконы құлап, адам қайтыс болғанын көргеннен кейін өз үйінің қасынан өтуге өзі сескенеді, және бұл қауіпті сейілтуге еш жұмыс жасалып жатқан жоқ екенін айтады. Адамдар бұл толық биліктің міндеті екеніне сенімді.

– Нақтырақ айтсақ біздің тұрғындардың қауіпсіздігі толығымен сақталмаған. Мұның барлығы жоғарыдағылардың мойнында. Тезірек реттелгені бәрімізге тиімді, – деді жабдық инженері Сергей Шошин.

Тұрғын үй қатынастары бөліміндегілер түсініктеме беруден бас тартты, есесіне заң талаптарынан құлағдар болуын сұрайды.

Заңның 32-бабына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Балкон сонымен қатар пәтер немесе тұрғын емес үй-жай иесінің мүлкіне кіреді.

Тұрғын үй қатынастары бөлімі

Осыған байланысты бөлшектеу жұмыстарын меншік иелері өз қалтасынан жүргізуі керек, мемлекеттік ақшаға сенбеу керек. Егер бірдеңе болса, балконның иесі жауап береді. Сондай-ақ, егер жағдай өте нашар болса және адамдар балконның құлап кетуі мүмкін екенін көрсе, онда аумақтық жағынан ТЖ органдарына сигнал беру керек екенін түсіндірді. Айтпақшы, төтенше жағдай өкілдерінен бізге де түсініктеме берілмеді.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                    

«QH»