«Ashyq» қосымшасы оқшаулау режимін бұзғандарды анықтайды

Бүгінгі күні COVID-19 вирусымен кез келген түрде (симптомдық немесе симптомсыз) ауырған әрбір адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және оларды қолхатта жеке қолымен куәландырады. Алайда біз оқшаулау режимін бұзу фактілеріне жиі кезігеміз. Ауру немесе байланыста болған адамдар вирустың таралу қаупін тудыратын қоғамдық орындарға барады.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 7 Қаулысы қолданыста.

«Ashyq» жобасына қосылған объектілерге кіру мынадай алгоритм бойынша жүзеге асырылады:

  1. «Ashyq» жобасына қосылған объектілерде қызметкер (персонал) келушінің мәртебесін QR-код немесе ЖСН арқылы тексереді;
  2. Келушіде смартфон болмаған жағдайда, оның келісімімен объектінің қызметкері (персоналы) келушінің мәртебесін ЖСН бойынша тексереді;
  3. Резидент еместердің мәртебесін тексеруді объектінің қызметкері (персоналы) келушінің келісімімен паспорттың нөмірі бойынша жүзеге асырады;
  4. Келушілер мен жұмыскерлерді жобаға қосылған объектілерге жіберу сканерлеу және объектіге кіреберісте олардың мәртебесін айқындау үшін арнайы QR кодты көрсету шартымен жүзеге асырылады.

Оқшаулаудағы адамдар келесі сәттерге назар аударуы керек:

  • ПТР оң нәтижесі бар базада тіркелген адамдарда COVID-19 «жұқтырған» мәртебесі бар пациенттерді тестілеу u07.1 коды «қызыл» мәртебесі алынған сәттен бастап 10 күн өткенге дейін сақталады (кейінгі алынған теріс нәтижеге қарамастан). 10 күн өткеннен кейін бұл адамдар осы уақыт кезеңінде COVID-19- ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесін алуына қарамастан, соңғы 3 ай бойы сақталатын «жасыл» мәртебеге ауыстырылады.
  • Объектінің QR-кодын сканерлеген кезде немесе ЖСН енгізген кезде «қызыл» және «сары» мәртебелері туралы деректер автоматты түрде келушілердің ЖСН, QR-код сканерленген объектінің БСН, сондай-ақ келу күні мен уақытын көрсете отырып, күнделікті түсіруге қалыптастырылады. Түсіру қарау және шаралар қабылдау үшін аумақтық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармаларына беріледі.

«Сары» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты оқшаулау қажеттілігі талаптарымен санитариялық- эпидемияға қарсы және санитариялық- профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы шығарылады.

«Қызыл» мәртебесі бар жеке тұлғаға қатысты үй карантинін бұзу фактілері анықталған кезде, халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін оқшаулау режимін бұзу бөлігінде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылады.

Осылайша «Ashyq» қосымшасы өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын келушілерді анықтап, басқа қонақтар мен қызметкерлердің вирус жұқтыруына жол бермейді. Қонақтар мен қызметкерлердің вирус жұқтыру қаупі айтарлықтай төмендейтіндіктен, жоба бизнес пен халық үшін карантиндік шектеулерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Үй карантиніндегі адамдарға өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауды, өзіңізге, жақындарыңызға және айналадағы өзге адамдарға жұқтыру қаупін тудырмауыңызды сұраймыз.

Теміртау қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы

З. АХАНОВА