Аса қауіпті инфекция

Бас ауруы, бөртпе, ісінген лимфа түйіндері. Осы сынды шағымдармен көзге түскен жолаушы әуежайдағы рейстен шығарылды және барлық сақтық шаралары сақтала отырып, дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жіберілді. Қарағандыда аса қауіпті инфекцияға — маймыл шешегіне күдік туындай қалса не істеу керектігі пысықталды.

Әуежайға арнайы жедел жәрдем бригадасы шақырылып, полицейлердің жол бастауымен көлік Қарағандының жұқпалы аурулар орталығына бет алды. Назерке кеше өзін нашар сезінген, бірақ Алматыға ұшатынына бірнеше сағат қалғанда жағдайы күрт нашарлап кеткен. Сауалнама барысында қыздың тамыз айында қолайсыз індетпен оралғаны белгілі болды. Ол 10 күн Конго Республикасында іс-сапарда болған. Симптомдары тұмауға ұқсас болды, бірақ қосымша бөртпе пайда болды.

— Менің мойнымдағы лимфа түйіндерінің қабынуы, сонымен қатар шап аймағындағы лимфа түйіндерінің қабынуы және бұлшық еттерім ауырады. Конгода іс-сапарда болдым, кеше қатты ауырдым. Алматыға іс-сапарға кетіп бара жатып, өзімді жайсыз сезіндім, — дейді қала тұрғыны Назерке Қыздарбек.

Оны маймыл шешегінің вирусына тексеріп, емдеу басталды. Байланыстағы адамдар тобы да анықталып, бақылауға алынды. Вирус өте жұқпалы және оның вакцинасы жоқ. Ауру өзін-өзі емдеумен сипатталады. Дегенмен, балалар, жүкті әйелдер немесе иммундық жүйесі төмендеген адамдар сияқты осал популяцияларда бұл ауыр және өлімге әкелуі мүмкін.

— Бүгін Қарағанды облысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, жұқпалы ауруханалар орталығымен, сондай-ақ ТЖД, құқықтық қорғау орталығымен маймыл шешегі орын ала қалған жағдайда, іс-қимылдарын пысықтау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Маймыл шешегі 2024 жылдың 14 тамызында бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына маймыл індетінің өршуіне байланысты, төтенше жағдай жариялады. Бұл қауіпті инфекция. Маймыл шешегі – белгілеріне байланысты тұмау ауруына ұқсас. Іш өтеді, бөртпе денеге қаптап шығады. Ауа тамшылары арқылы тарайды, жақын сөйлеу, төсек, сүлгі, киім арқылы жұғады. Жүкті әйелдің баласына беріледі, -деп түсіндірді Қарағанды облысының санитариялық -эпидемиологиялық бақылау департаментіндегі аса қауіпті инфекциялар және түбекулез бөлімінің бас маманы Ботакөз Әбілдаева.

Маймыл шешегі бұрын Орталық және Батыс Африканың ауруы болып саналған. Ауру 2022 жылы басқа елдерге тарай бастаған кезде пайда болды. 2024 жылы Конго Демократиялық Республикасындағы індет кезінде вирустың жаңа тармағы пайда болды. 2024 жылдың 14 тамызында ДДҰ маймыл індетін халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады. Бұл дерт 120 елде тіркеліп, жұқтырғандар саны 99 мыңға жуықтады, оның 189-ы қайтыс болды. Қазақстанда бірде-бір жағдай анықталған жоқ, санитарлық-карантиндік пункттерде індет жұқтырған адамдардың мемлекеттік шекара арқылы өтуіне жол бермеу шаралары жүргізілуде.

АЙДЫН ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»