ҚАРЖЫНЫ ЭКОНОМИКАҒА ЖӨНСІЗ ҚҰЮ ИНФЛЯЦИЯНЫ КҮШЕЙТЕДІ
Экономикаға қаржыны бақылаусыз құю инфляцияның үдетеді. Сондықтан қатаң бюджеттік тәртіп сақталып, қаржы ресурстары тек мемлекет үшін басым әрі қажетті жобаларға ғана бағытталуы тиіс. Қатаң бюджеттік тәртіп, тек шығындарды қысқарту емес, ең алдымен қаржы ресурстарын ел дамуына шын мәнінде қажет салаларға бағыттау деген сөз. Инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау, өндіріс пен инновация сияқты стратегиялық бағыттарға салынған инвестиция ғана болашақта экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете алады.

