Қаржыны басқару
Несиеге қатысты проблемалары бар адамдарға көмектесу мақсатында аймағымызда «Қарызсыз қоғам» жобасы қолданыста. Amanat партиясы бастамасымен қолға алынған бұл жоба аясында қаржыны тиімді басқару, өз шығындарын оңтайландыру және қаржылық борыштан құтылу бағытында ниетті жандарды оқыту көзделген. Аппараттық кеңесте аталмыш жобаның жай-жапсары түсіндірілді.
«Қарызсыз қоғам» жобасы азаматтарға қаржылық әрі құқықтық көмек беруге негізделген қаржылық сауатты болу жолдарын меңгертуді мақсат тұтқан оқыту жобасы. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындарды оқыту сабақтары 5 ақпанда басталған. Жобаны іске асырушы Amanat партиясы өңірлік Жол картасын әзірлеп, кезең-кезеңімен оқыту үрдістері жүргізіліп жатыр. Жобаның мақсат-міндетінің бүгінгі орындалысын баяндап берген облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская жалпы бұл іске мемлекеттік мекеме өкілдері қоғамдық ұйымдар мен екінші деңгейлі банк қызметкерлері жауапты екеніне тоқталды.
– Жыл соңына дейін 9470 адамды оқыту жоспарланып отыр. Бұл санатта барлық қала мен ауданның тұрғындарын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін оқыту көзделген. Сонымен қоса, қаржылық сауаттылық бойынша ІТ-білім беру платформасын іске қосу жоспарлануда. Жыл соңына дейін аудан қалаларда оқыту кестесі жасалған, – деді Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская.
– Қарағанды облысында жоба басталғалы оқытудың 16 кезеңі бойынша жалпы саны 4 677 адам қаржылық сауаттылық бағытында білім алып, оқу оқыған. Дәріс тыңдағандардың басым көпшілігі әйел адамдар. Оқыту барысында әрбір топта 50 тыңдаушыдан жасақталып, оқыту үдерісі 5 күнге ұласады екен. Бұл оқу ең алымен қарызға батып, қаржылық қиындықтан шыға алмай несиелік тығырыққа тап болған адамдарға аса пайдалы дейді. Және оқыту барысында қаржылық келеңсіздікке тап болған жандарды оқытуға екпін салынады. Сондықтан, білім алушылардың 70%-ын бұл күнде несиелері мен оларды өтеуде қиындықтары бар азаматтар құрап отырғандығы да айтылды.
– Қарызсыз қоғам – азаматтардың сапалы қаржылық және құқықтық кеңестер алуына, қаржылық сауаттылығын артыруына жағдай жасауға арнайы қабылданған жоба. Бұл шара Amanat партиясы жобаны іске асыру үшін өңірлік Жол картасын әзірлеп жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыстар атқарылды, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Бүгінгі таңда біздің облыста «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында азаматтарды оқыту көрсеткіші 49 пайыздан астамға орындалған. Басқарма басшысы өз сөзінде оқыту жұмысы жоспар аясында орындалуда екенін атап өтті. Қаржыны тиімді басқару, өз шығындарын оңтайландыру және борыштан құтылу жобасын тыңғылықты жүзеге асыру үшін аймақ басшысының тапсырмасымен жұмыс тобы құрылыпты. Олар несие тарихын зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету үшін қаржыгер заңгерлер азамттарға кеңестерін де ұсынуда. Оқыту кезеңдері аралығында жоба аясындағы қаржылық сарапшылар мен жоба заңгерлері 4 мыңнан астам кеңес берді. Онда займға қатысты мәселелерді шешу, жұмысқа орналастыру, бизнес жоспарды жасау тағы басқа мәселе бойынша мәлімет ұсынды. Qogamfin.kz атты сайт әзірленді. Онда азаматтар «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысу бойынша ұсыныстарын жолдай алады. Qogamfin.kz сайтында тұрғындар аталмыш жоба аясында қажетті мәліметті ала алады. Аймақ басшысының қалалар мен аудандарда өткізетін кездесулерінде тұрғындар қарыздар, тұтынушылық несиелер бойынша жүгінеді. Сондықтан жергілікті жерлерде тыңғылықты жұмыс істеу керек деп жауапты орынбасарына осы жоба аясындағы жұмыстың орындалысын қадағалауында ұстауды тапсырды.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»