Қарттарға көмек
Қыс мезгілінде, қар мен аяз қарт адамдар үшін нағыз сынаққа айналған уақытта, әскери қызметшілер үлкендердің жағдайына ерекше қамқорлық танытты. Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері, атап айтсақ 44803 әскери бөлімінің зениттік-ракеталық дивизионының сарбаздары Ақтас елдімекеніндегі қарттарға көмек көрсету акциясына қатысып, аязды күндерде жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Әскери қызметшілер оннан астам аула аумағын қардан тазартты. Сонымен қатар, қарттарға қысқа дайындық жұмыстарында көмек көрсетті: көмірді тасып, отын жарды. Бұл қарттар үшін жайлы жағдай ғана емес, қажеттілік, себебі, орталық жылу жүйесі жоқ, ал отын қорын көбіне аяз алдында толықтыру керек. Акция аясында қарттар үйінде де көмек көрсетілді, мұнда әскери қызметшілер қар тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Бұл қарттарға арналған мекеменің аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және онда тұратын адамдар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
– Үлкендерге қамқорлық таныту және күнделікті мәселелерін шешуге көмек көрсету – әлеуметтік жауапкершілік пен бірліктің жарқын мысалы. Біз тек өзіміздің тікелей міндеттерімізді орындап қана қоймай, қоғам өміріне белсене қатысып, көмекке мұқтаж жандарға қажетті қолдау көрсетеміз, – дейді 44803 әскери бөлімінің зениттік-ракеталық дивизионының командирі, майор Орынбек Қалиев.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»