Қарағандының жаңа келбеті: Эко-парк, спорттық кластер және заманауи аудандар
Қарағанды қаласында өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен кеңесте алдағы жылдарға арналған даму жоспарлары талқыланды. Жиын барысында облыс орталығында көгілдір тоғандар аумағында эко-парк салу, ірі спорттық кластер құру, жаңа тұрғын ауданын дамыту, сондай-ақ коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жаңарту көзделіп отырғаны айтылды. Бұл жобалар қаланың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
Қарағанды қаласы «шетсіз қала» қағидаты аясында кешенді түрде дамиды. Оның басты жобаларының бірі – Көкгілдір тоғандары мен оңтүстік-шығыс ауданына жаңа аймақ құру. Бірнеше онжылдық бойы бос тұрған бұл жер қазіргі заман талабына сай тұрғын үй массивіне айналып келеді. Қазірдің өзінде 26 тұрғын үй бой көтерген. Болашақта мұнда мектептер, балабақшалар, емханалар, сондай-ақ сауда және ойын-сауық кешендері салынуы жоспарланған.
– Жаңа шағын ауданда 4 мектеп, 8 балабақша, 3 емхана және заманауи сауда, ойын-сауық кешені қарастырылған. Тұрғын үйлер тек өмір сүру жағдайымен бірге, яғни инженерлік, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етілген жағдайда ғана енгізілуі тиіс – бұл біздің негізгі ұстанымымыз. Аудан дамуының басты элементі Мұқанов көшесі бойымен автожол салу болды. Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Біз Қарағандыны «шетсіз қала» қағидаты бойынша кешенді түрде дамытуды жалғастырудамыз, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Қаланың дамуының энергетикалық негізі ретінде 9-шы энергоблок пен 7-ші ЖЭО-3 турбоагрегатының құрылысы қарастырылуда. Бұл жоба тұрғын үй құрылысын әрі қарай дамытуға және жаңа аудандарды дамытуды қамтамасыз ету үшін жылу және электр қуатының тұрақты қорын қалыптастырады. Сонымен қатар Қарағандыда 72 гектар аумақты қамтитын ірі спорт кластері бой көтеруде. Онда Әмбебап Арена, мұз сарайы, жеңіл атлетика манежі, UEFA төртінші санатты стадионы және футбол академиясы салынуы жоспарланған. Қалада сондай-ақ «Шахтер» стадионын қайта құру жұмыстары жалғасуда, бұл тұрғындарға спорттық инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
– Білім беру саласында өткен жылы қалада екі жаңа мектеп – Көк тоғандар мен Гүлдер аудандарында пайдалануға берілді. Жаңа ауданда 1 200 орындық мектептің құрылысы әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, Пришахтинскіде жаңа балабақша, ал Федоровкада 44-ші мектептің орнына жаңа мектеп салу жұмыстары басталды. Майқұдықтағы жаңа шағын аудандарда жеке құрылыс салушылар тағы екі балабақша салып жатыр. Қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында Майқұдықта Оқушылар сарайының құрылысы да қолға алынған, – дейді Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов.
Қала аумағындада маңызды өзгерістер жасалды. Көгілдір тоғандар аймағында эко-саябақ ашылады. Орталық саябақ жаңартылып, қаланың барлық ауданында гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Қарағанды қаласында тұрғындардың 100%-ы сапалы ауызсумен қамтамасыз етілген. Бірінші рет бірнеше онжылдықтан кейін Орталық жылыту Шахтер кентінің тұрғындарына жетті. Олар 30 жылдан астам жылусыз отырған болатын. Биыл жылу магистральдары мен сорғы станцияларын қайта жаңарту жұмыстары жалғасады.
– «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасының іске асырылу сапасына ерекше көңіл бөлгім келеді. Өткен жылы қала аумағында 209 заңсыз полигон жойылды, оның 34-і жеке меншік жерлерде орналасқан, жалпы 7 мың тонна қоқыс шығарылды. Қала тұрғындарының белсенділігі тазалық пен тәртіпке қамқорлық жасаудың біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі екенін және туған қалаға деген құрметтің айқын көрінісі екенін көрсетті, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Қаладағы көлік инфрақұрылымы да жаңартылуда. Қалалық жолдардың 85%-ы қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағалануда. Майқұдық пен Оңтүстік-шығыс аудандарын байланыстырып, негізгі магистральдарды бағыттайтын Мұқанов көшесі бойындағы автожол құрылысы жақын арада аяқталуы жоспарлануда.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»

