Қарағандылықтарды ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне шақырады

Қарағандыда Республика күні қарсаңында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде ауылшаруашылық, ет-сүт өнімдері және облыс өндірушілерінің тауарлары орташа нарықтық құннан төмен бағамен ұсынылатын болады. Ол үшін аудандардан 500 тоннадан астам көкөніс, ет, балық және сүт жеткізіледі.

Сатылымға 340 тонна картоп дайындалды. Басқа көкөністер азырақ болады – 110 тонна.

Сөрелерге 175 мың тауық жұмыртқасы мен 16 тонна сүт өнімдері қойылады. Ет пен балық – сәйкесінше 52 және 7 тонна.

Басқа тауарлар: бал, шұжық, қолөнер бұйымдары және басқалары – шамамен 10 тонна болады.

Жәрмеңке бейсенбі, 24 қазанда Global City СОО аумағында өтеді.

Басталуы – 09:00.

Global Сity СОО 134-ші есептік тоқсан, 921-ші құрылыс мекенжайында орналасқан.

Жәрмеңке орнына келесі автобустармен жетуге болады: № 5, 19, 31, 40, 56, 63, 70, 146, 02, 29.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты негізінде