Қарағандылық оқушы халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Қаламыздың «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оныншы сынып оқушысы Бейбарыс Жеңісбек Саха Республикасындағы (Якутия) «Туймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасында үшінші орын иеленді. Зияткерлік байқау математика, физика, химия және информатика пәндерінен өтті.

–  Мен алғаш рет математикадан халықаралық олимпиадаға қатыстым. Жарыс екі турдан тұрды. Жетекшім – математика пәнінің мұғалімі Ләззат Итжанова. Болашақта әлі көп олимпиадаларға қатысуды жоспарлап отырмын, – дейді Бейбарыс.

Айта кетейік, «Туймаада» халықаралық олимпиадасы 1993 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.

Құралай КӨБЕНОВА, «QH»