Қарағандылық ұландар волейболдан үздік атанды

15 жылдан кейін қайта жаңғырған әскерилер арасындағы волейбол Петропавл қаласында өтті.

Қаңтар айының 18 мен 19 аралығында Петропавл қаласының облыстық кәсіптік педагогикалық колледжінде Ұлттық ұлан әскерлерінің арасында волейбол бойынша біріншілігі өткізілді. Жарысқа Орталық өңірінің қолбасшылығының Петропавл, Көкшетау, Теміртау, Степногорск, Қарағанды қалаларында орналасқан 7 команда қатысты.

— Кездесу өте жақсы өтуде, әрбір команда жақсы дайындалған. Бұл жарыстың мақсаты ең алдымен әскерилердің арасында спорттың қарқынды дамуы және әскери ұжымның біріктіру және қандай да бір спорт немесе жағдай болмасын әскери адам әрқашан барлығына дайын, шыныққан болуы тиіс, дейді Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов.

2 күн бойы өткен додада, орындар келесідей бөлінді:

1 орын мен Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сәкентай Амантайұлы Шекарбековтің Кубогін Қарағандылық 5451 әскери бөлімі иеленді, ал 2 орынды Петропавл қаласының 6637 әскери бөлімі иеленсе, жүлделі 3 орынды өз еншісіне Қарағанды қаласынан келген 6505 әскери бөлімінің командасы ұтып алды.

Аталмыш ойында «Үздік шабуылдаушы ойыншы» боп 5451 әскери бөлімінен қатардағы Бейбіт Нұрғалиұлы болса, «Үздік байланыстырушы» боп 6637 әскери бөлімінің офицері аға лейтенант Махсудов Фазлиддин атанды.

Жеңіске жеткендерді құттықтап, Кубокпен грамоталарды Президенттік көпсайыстың Шаңғы мен биатлон жарысы бойынша спорт шеберінің үміткері, Орталық өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт бастығы полковник Александр Апасов табыстады.

ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.