Қарағандыда жаңа Конституция жобасы кеңінен талқылануда

Қарағанды қаласында жаңа Конституция жобасын қоғамдық талқылау үдерісі жалғасып жатыр. Түрлі алаңда ұйымдастырылған кездесулер мен пікір алмасулар барысында тұрғындар өз ойларын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салуда. Мамандардың пікірінше, мұндай ашық талқылаулар құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың заңнамалық өзгерістерге деген түсінігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл бастама мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенім мен диалогты нығайтудың маңызды тетігі болып саналады. Қоғамдық пікірді ескеру арқылы қабылданатын шешімдер елдің одан әрі дамуына оң әсерін тигізетіні атап өтілді.

Конституция жобасын белсенді талқылау азаматтардың жоғары деңгейде қатысып отырғанын көрсетеді. Қоғам өкілдерінің пікірінше, талқылаудың ашық форматы аса маңызды. Пікірлерін еркін білдіру және диалогқа қатысу мүмкіндігі елдің болашағына өз ықпалын тигізуге септігін тигізеді.

–Бүгін біз көптеген адамның елде жақында болатын өзгерістерді алаңдаушылықпен талқылап жатқанын көріп отырмыз. Менің ойымша, бұл алаңдаушылық орынды, өйткені жаңа нәрсе әрқашан уайым тудырады. Дегенмен, бүгінгі әлем өте жылдам өзгеруде, адамдар мен жағдайлар үнемі жаңарып отырады. Әрине, бізге өзгерістер енгізу қажет. Менің ойымша, бұл өзгерістер біздің азаматтарымызға тиімді және пайдалы болады, – дейді Қарағанды облысының қоғамдық кеңес мүшесі Марина Шиллер.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»