Қарағандыдағы рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта «Инфинити» клубында карантин режимін бұзу фактісі анықталды
Қарағандыдағы рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта «Инфинити» клубында карантин режимін бұзу фактісі анықталды: жұмыс уақытын сақтамау, келушілер санының артуы және т.б. Осы нысанға келген СЭББ қызметкері жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы акт жасады. Тексеру қорытындысы бойынша клуб иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ мониторингтік топ пен полицияның бірлескен күш-жігерімен «Cactus» lounge барында карантиндік шектеулерді бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылданды. Мұнда кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың қатысуымен 700 адамға арналған іс-шара өткізу жоспарланған болатын.