Қарағандыда Республика күні өтетін шаралар тізімі

Қарағандылықтар мен қала қонақтары үшін Республика күніне бірнеше мерекелік концерттер мен конкурстар дайындалды.

24 қазан, бейсенбі

11:00 – «Молодежный» МҮ (Пришахтинск) «Қыран елім – Қазақстаным! концерті;

12:00 – Global City сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан тарихын білуге арналған байқау.

25 қазан, жұма

10:00 – «Алаш» аллеясының және «Өлкетану» кітапханасының ашылуы (Сарыарқа көшесі);

11:00 – Мемлекеттік Әнұран орындау мен Ту (ту тұғыры) көтеру рәсімі;

12:00 – Теміржолшылар МҮ-де (Сұрыптау) «Күн шуақты – Қазақстан!» концерті;

12:00 – Жаңа Майқұдық МҮ-де «Ұлы өлкем – Қазақстан!» концерті;

12:00 – «Молодежный» МҮ (Пришахтинск) «Шарқыра, самға, туған ел!» концерті.