Қарағандыда мүгедектігі бар және оларға күтім жасайтын адамдарға 1С бағдарламалауды үйрену ұсынылады
Қарағандыда «1С бағдарламашы» мамандығын оқыту курстарына мүгедектігі бар адамдарды және оларға күтім жасайтындарды қабылдау жүріп жатыр. Өтінімдер 7 мамырға дейін қабылданады.
Оқыту барысында:
— 1С бойынша 4 ай практикалық сабақтар мен дәрістер өтеді;
— 2 ай тағылымдама;
— Қарағанды компанияларына жұмысқа орналастыру қарастырылады.
Оқуға кім өтініш бере алады?
— мүгедектігі бар адамдар;
— мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдар.
Өтінім беру және қосымша ақпарат алу үшін +7-705-289-16-09 нөміріне хабарласуға болады.
Жоба Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша іске асырылуда.