Қарағандыда бюджеттік үйлердің құрылысы аяқталады

Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бастаған аппараттық кеңес барысында өңірдегі көппәтерлі тұрғын үйлер мен жаңа нысандардың құрылыс жоспары талқыланды.

Спикерлердің айтуынша, кейбір нысандардың құрылысы басталып, оларды 2022 жылы пайдалануға беруге уәде етілген. Ал басым бөлігі жобалық- сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында.

Қарағанды қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Камалиев алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді. Ол осы айдың соңына дейін «Трилистник» ТК № 4 үйде монтаждау жұмыстарын аяқтау, ал № 9 үйді жылдың соңына қарай аяқтау жоспарланғанын хабарлады. Сондай-ақ, биылғы жылы № 10 үйді салуды бастау жоспарлануда.

— Тұрғын үйдің қолжетімділікті арттыруға, кезекте тұрған адамдар санын қысқартуға, инфрақұрылымды жақсартуға және жаңа шағын аудандарды абаттандыруға бағытталған кешенді міндеттерді шешу үшін біз бірқатар жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз. «Трилистник» ТК № 4 үй бойынша құрылысмонтаждау жұмыстары ақпан айының соңына дейін аяқталады. Бүгіннен бастап пәтер иелерімен келісімшарт жасау басталды. Нысанның техникалық паспорты дайындалып, пәтер иелерімен сатып алусату шарттарын дайындау үшін тұрғын үй қатынастары бөліміне тапсырылды.

— Сол ТК-нің 9-үйін пайдалануға беру жылдың соңына жоспарланып отыр, алайда құрылыс жұмыстарының қарқыны артқан кезде нысанды жоспарланған мерзімнен бұрын пайдалануға беруге болады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Трилистник» ТК № 10 үйінің құрылысын бастау мәселелері пысықталуда, — деп хабарлады Камалиев.

Спикер «Панель- Центр» шағын ауданындағы № 3 үйде (№ 2 блок секция) қалған техникалық жұмыстар наурыз айында аяқталатынын атап өтті. Көптен күткен лифт Қытайдан келді және лифт жабдықтарын монтаждау басталды. Орнатуды 1–2 ай ішінде аяқтау жоспарлануда. Сондай- -ақ, Әлихан Бөкейханов атындағы ауданда да жыл соңына дейін төрт үйдің құрылысы басталады.

— Биыл Әлихан Бөкейхан атындағы ауданда қаланың 14-шағынауданында 3 бес қабатты тұрғын үйдің және Белинский көшесіндегі тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Пәтерлердің жалпы саны — 252. Инженерлік- коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу аяқталды, қолайлы ауа райы басталған кезде іргелес аумақтарды абаттандыру басталады. Сонымен қатар, Чапаев көшесі бойынша 108 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталады, — деді М. Камалиев өз баяндамасында.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, оңтүстік- батыс шағын ауданында тағы сегіз ірі панельді тұрғын үй, Оңтүстік- Шығыс 30-шағынауданында үш көп пәтерлі үй, Майқұдық 14-шағынауданында төрт тұрғын үй және Пришахтинскіде бес қабатты үй құрылысына жобалық- сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыс жандандырылды. Оң мемлекеттік сараптама алынғаннан кейін жобаларды іске асыру басталады.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»